457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Сот орындаушы 800 мың теңге көлемінде алимент ұрлаған 

Мұнымен қоймай, борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатуға дейін шара қабылдаған.

Алматы облысында жеке сот орындаушы бір жарым жыл бойы алимент жымқырып келген, деп хабарлайды Алматы облысының прокуратурасы.  Осы уақыт аралығында баланы асырауға сот орындаушысының арнайы шотына борышкердің жалақысынан 816 мың теңге аударылған.

Сот орындаушы бұл ақшаны баланың анасының шотына әрі қарай аудармаған. Мұнымен қоймай, борышкердің жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатуға дейінгі барлық шектеу шараларын қабылдаған.

Сот орындаушының заңсыз әрекеттерінің кесірінен әкесі жұмысынан және табыс көзінен, ал баласы өзіне тиесілі алименттен айырылған.

 Сот орындаушыға қатысты ҚР ҚК 251-бабы (Жеке сот орындаушының өкілеттігін теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сондай-ақ,  борышкердің жүргізуші куәлігі қалпына келтіріп, ол бұрынғы жұмысына қайта орналастырылған.

 

Фото: интернеттен