Спутник V Боранбаевпен бірге кетті ме?

Қазақстандықтарға Pfizer-мен ревакцинация жасауға рұқсат берілді. Ведомствоаралық комиссия шешімімен бейсенбіден бастап, Pfizer вакцинасын алуға құқылы адамдар саны артты.

Ақниет Аманжолқызы

  • 25.03.2022

Американдық вакцинаны алуға рұқсаты бар адамдар санаты төмендегі топтармен толықты:

- бастапқы вакциналаудан өтетін, профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар;

- түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар;

- шетелде алған вакцина курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар;

- COVID-19 вирусына қарсы ревакцинация алушы барлық топтағы адамдар.

Айта кетейік, осы кезге дейін Қазақстанда Pfizer-ді тек аяғы ауыр әйелдер мен жасөспірімдер ғана алатын. Басқа азаматтар отандық QazVac, ресейлік Спутник V, қытайлық Sinovac және Hayat-Vax вакциналарын ғана салғыза алатын. Оның өзінде Спутниктен вакциналарды табу қиынға түсетін.

Оқи отырыңыз: Ресей вакцинасына Боранбаевтың қатысы қандай?

Сарапшылар бұл вакцинаның кең таралуын экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың экс-құдасы Қайрат Боранбаевпен байланыстыратын. Себебі аталмыш вакцинаны Қазақстанда өндіруге сертификатталған "Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы – «НеоТекФарм" ЖШС-нің құрылтайшысы Боранбаев болып шыққан. Ал ол 15 наурыз күні ұсталып, 17 наурызда 2 айға қамауға алынғаны белгілі. Тура бір аптадан кейін, яғни 24 наурыздан бастап, қазақстандықтар үшін таңдаулы вакцина Спутник емес, Pfizer болмақ.

Боранбаев қамауға алынған соң, шешім өзгеріп жатыр ма? Әлде, басымен қайғы болып кеткен Ресейдің вакцина өндіруге қолы тимей жатыр ма?

Байланысты жаналықтар

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

18.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

13.05.2025

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды

12.05.2025
MalimBlocks
Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Германияда қолтырауынның басын сақтаған қазақстандық ұсталды

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Украина­ның Қазақстандағы бұрынғы елшісіне сот үкімі шықты

Қазақстан мен БАӘ 5 млрд долларға жуық инвестициялық құжатқа қол қойды