Ресей вакцинасына Боранбаевтың қатысы қандай?

Елнұр Бақытқызы

  • 27.01.2021

1 ақпаннан бастап елде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация басталмақ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халыққа Ресейдің "Спутник V" вацинасы жаппай егіле бастайтынын мәлімдеген.

Ресей билігі сынақтың үшінші кезеңі аяқталмаған "Спутник V" вакцинасын тіркеп жіберген. Бірақ "Спутник V" вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтай ұйымының халықаралық сертификациясынан өтпеген.

Осы "Спутник V" вакцинасы желтоқсанның соңынан бері "Қарағанды дәрі-дәрмек кешенінде" өндіріліп жатыр. Кешенде бастапқы кезеңде вакцинаның 2 миллион дозасы шығарылмақ.

Malim.kz Ресейдің "Спутник V" вакцинасын өндіріп жатқан Қарағандыдағы дәрі-дәрмек кешені кімдікі екенін зерттеп көрді.

Қайрат Боранбаев

"Қарағанды фармацевтика кешені" ЖШС-ның жалғыз құрылтайшысы – "НеоТекФарм" ЖШС. Қарағандыдағы дәрі-дәрмек кешеніне иелік ететін "НеоТекФарм" ЖШС Алматыдағы Тимирязев көшесі, 18А үйінде тіркелген.

mediaunion.kz

"НеоТекФарм" ЖШС құрылтайшыларының бірі – кәсіпкер, Қазақстандағы ең дәулетті 50 бизнесменнің тізіміне кіретін Қайрат Боранбаев. Forbes.kz оның  дәулетін 519 миллион долларға бағалаған. Айтпақшы, "НеоТекФарм" ЖШС орналасқан Тимирязев, 18А үйінде Қайрат Боранбаевқа тиесілі басқа да компаниялар тіркелген. Олар:  "FOOD PACKAGING KZ" ЖШС, "Beverage&Food Group" ЖШС,   "QOSY" бизнес мектебі ЖШС, "АТЦ-галерея" ЖШС,  "АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА" ЖШС,  "Қазақстан Республикасындағы балалар мен жасөспірімдер және кәсіби футболды дамыту қоры"  қоғамдық қоры,  "Алмалы" активтерді басқару компаниясы" ЖШС, "Food Solutions KZ" ЖШС,  "Signex Development" ЖШС және "Кемикал Қазақстан мұнай-химиялық компаниясы" ЖШС.

Қайрат Боранбаев бұрынғы президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның құдасы. Д.Назарбаеваның ортаншы ұлы, былтыр Лондонда "жүрегі қысылып қайтыс болды" делінген Айсұлтан Назарбаев Қайрат Боранбаевтың қызы Алима Боранбаеваға  2013 үйленген.  Қайрат Боранбаев елдегі McDonald’s франшизасының иесі.  Forbes.kz мәліметінше, Боранбаев "Алекс" ЖШС (Алекс-Сарыағаш минералды суын шығарады), "ҚазТурбоРемонт" Холдинг компаниясы" ЖШС, Esentai Tower сауда ойын-сауық орталығы, "Алмалы" сауда үйі  мен «Рахат Палас», Comfort Hotel Astana, Fitnation фитнес-клуб желісі, Aparking ақылы парковкаларды басқаратын  "RR2" ЖШС-на иелік етеді.

Виктор Харитонин

"НеоТекФарм" ЖШС-ның тағы бір құрылтайшысы – Ресей бизнесмені, ресейлік Forbes рейтингісі бойынша сол елдегі ең дәулетті 200 бизнесмен тізімінде 2,3 миллиард доллар байлығымен 43-орында тұрған  Виктор Харитонин.

Виктор Харитонин. Forbes.ru

Виктор Харитонин Ресейдегі "Фармстандарт" ашық акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы. Виктор Харитонин мен олигарх Роман Абрамович және "Сибирнефть" компаниясының акционерлері әлемдегі ірі, жүзден астам елге дәрі-дәрмек тасымалдайтын ICN Pharmaceuticals дәрі-дәрмек компаниясынан дәрі-дәрмек зауыттарын 55 миллион долларға сатып алып, соның базасында "Фармстандарт" компаниясын құрды. 2008 жылы Абрамович пен басқа құрылтайшылар "Фармстандарттағы" үлестерін Харитонин мен дәулеті 400 миллион долларға бағаланатын, Ресейдегі ең ауқатты 200 бизнесмен тізіміне кіретін Егорь Кульковқа сатқан. 2018 жылы Кульков компаниядағы үлесін сатып, Харитонин оның жалғыз иесіне айналды. Харитоновтың "Фармстандарты" Ресейдегі бес зауытта 330 препарат түрін шығарады. "Фармстандарт" Ресейдегі ең ірі 200 компания қатарына кіреді.

48 жастағы Виктор Харитонин Қазақстандағы Петропавловск қаласының тумасы. Харитонинге Отисифарм" Ресейдегі ірі дәрі-дәрмек компаниясы «Северная башня» бизнес орталығы тиесілі. Сондай-ақ Харитонин 2014 жылдан бері Германияда "Формула-1", FIA WEC, DTM тәрізді  жарыстар өтетін Нюрбургринг тас жолы иелерінің бірі.

Деменьтев пен Реус

Харитониннен өзге "НеоТекФарм" ЖШС-ға тағы екі Ресей азаматы иелік етеді. Қарағандыдағы дәрі-дәрмек кешені иелерінің бірі Андрей Дементьев 1998 жылдан бері Ресей үкіметінде әртүрлі қызмет атқарып, 2005-2008 жылдар аралығында өнеркәсіп және энергетика вице-министрі, 2008-2012 жылдар аралығында өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Андрей Деменьтев. metalinfo.ru

"НеоТекФарм" ЖШС-тың тағы бір құрылтайшысы, Ресей азаматы Андрей Реус те 1998 жылдан бері Ресей үкіметінде әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған.

Андрей Реус. Фото: ato.ru

2004-2007 жылдар аралығында Ресейдің өнеркәсіп және энергетика министрінің орынбасары болған. 2007 жылдан 2012 жылға дейін  "Ростех" мемлекеттік корпорациясына кіретін машина жасау тобы "Оборонпром" біріккен өнеркәсіп корпорацисы" ААҚ-ның басшысы қызметін атқарды. Қазіргі кезде Виктор Харитонин иелік ететін "Отисофарм" директорлар кеңесінің мүшесі, "Генериум" халықаралық биотехнологиялық орталығы" директорлар кеңесінің төрағасы.

Дементьев те, Реус те – Ресейдің бұрынғы вице-премьері Виктор Христенконың сенімді серіктері. Дементьев пен Реус Христенко өнеркәсіп және энергетика министрлігін (кейін атауы өнеркәсіп және сауда министрлігі болып ауысты) Виктор Христенко басқарғанда,  оған орынбасар болған. Үшеуі де Челябинск облысының тумалары. Реус пен Дементьев мемлекеттік қызметтен кеткен соң фармация саласынан бір-ақ шыққан. Ресей ақпарат құралдары Реус пен Дементьев "Фармстандарт" ААҚ-ға 37,5 пайыз акциясы тиесілі "Научтехстрой плюс" ғылыми зерттеу орталығы құрылтайшылары екенін жазған. Научтехстрой плюс" "Генериум" ғылыми-өндірістік биотехнологиялық орталығының аумағына құрылыс жүргізу, күту мен қызмет көрсетумен айналысады. Сондай-ақ қосымша дәрі-дәрмек пен фармацевтикалық материалар шығарады.

Ресей ақпарат құралдары сондай-ақ Реус пен Дементьевтің Виктор Харитонин пен Александр Шустер құрған "Генериум"" халықаралық биотехнологиялық орталығында әрқайсының 12,5 пайыз акциясы бар екенін жазған.

Боранбаев, Деметьев, Реус пен Харитонин құрылтайшылық ететін "НеоТекФарм" ЖШС Қазақстанда дәрі-дәрмек шығаратын тағы бір компания – "Нұр-Май фармация" ЖШС-ға иелік етеді."Нұр-Май" фармация" сұйық дәрі ерітінділерін шығарады. Компанияның Алматы облысында сұйық дәрі ерітінділерін шығараты зауыты бар.

Мақаланы көшіріп басуға болмайды!

Байланысты жаналықтар

Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

03.06.2024

Қайрат Боранбаев әлі тергеліп жатыр – ҚМА

22.05.2024

Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

03.05.2024

«Целинный»: Боранбаевты тергеуді ашық әрі әділ өткізуді сұраймыз

17.03.2022

Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті

08.04.2021

"Баяу вакцинация үшін сынға қалған Цойдың отставкаға кетуі екіталай"

06.04.2021
MalimBlocks
Қайрат Боранбаев Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті болып қайта сайланды

Бұл туралы бизнесмен 1 маусым күні Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

Қайрат Боранбаев әлі тергеліп жатыр – ҚМА

Ол осы күнге дейін 134,5 млрд теңге өтеді.

Боранбаевтың мемлекетке өткізген қонақ үйі кімге берілгені белгілі болды

Аукционның кепілді жарнасы 587 миллион ​​914 мың теңге болады.

«Целинный»: Боранбаевты тергеуді ашық әрі әділ өткізуді сұраймыз

«Целинный» мәдениет орталығы 16 наурызда экс-президенттің құдасы, кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қолдап Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазды. Хат авторлары Боранбаевты Қазақстан мәдениеті, спорты мен әлеуметтік өміріне үлес қосқан адам деп бағалаған.

Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті

"Баяу вакцинация үшін сынға қалған Цойдың отставкаға кетуі екіталай"