457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген Мурат Боранбаев ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) белгілі кәсіпкер, Қайрат Боранбаевтың туған бауыры Мурат Боранбаевтың ұсталғанын растады, Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап

ҚМА мәліметінше, Мурат Боранбаев 2024 жылдың желтоқсан айында қолға түскен. Бұған дейін ол аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуге ілініп, халықаралық іздеуде жүрген.

«Боранбаев М.С.-ты іздеу 2024 жылғы 24 желтоқсанда оның ұсталуына байланысты тоқтатылды», – делінген агенттіктің ресми жауабында.

Мурат Боранбаев 2022 жылдан бері Алматыдағы ақылы автотұрақтарға қатысты қылмыстық іске байланысты басты күдікті ретінде аталған болатын. Тергеу нұсқасы бойынша ол аталған жүйені ұйымдастырып, мемлекеттік қаражаттың ұрлануына тікелей қатысқан.

Alan Parking компаниясы арқылы жүзеге асқан схеманың бір бөлігі ретінде 2022 жылы компания директоры Мұхтар Базарбаев пен «Алматы спецтехпаркинг сервис» басшысы Марат Принбеков те қамауға алынған.

2023 жылдың соңында Қайрат Боранбаев иелік ететін RR2 компаниясы «Alan Parking»-тегі 30 пайыз үлесті сатып алған. Бұған дейін бұл оператор мемлекет меншігінде болған. Алайда кейіннен Алматы әкімдігі «Алматы спецтехпаркинг сервис» компаниясындағы 70% үлес пен Alan Parking компаниясының 100% үлесін қалалық меншікке қайтарғанын хабарлаған.

Қазір Мурат Боранбаевтың нақты қай жерде ұсталғаны және оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылғаны туралы ресми мәлімет берілген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Фото: qamqor.gov.kz