Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

Қайрат Боранбаевтың інісі Мұрат Боранбаев келтірген шығынды толық өтеп, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Бұл туралы Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару жөніндегі комитет мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Комитеттің хабарлауынша, 2024 жылдың желтоқсанында Мұрат Боранбаев өз еркімен келіп, кінәсін мойындап, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтаруға келісім берген. Нәтижесінде, Алматының Алмалы аудандық соты 2025 жылдың ақпанында оны процессуалдық келісімнің шарттарын орындағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Боранбаев бұған дейін AlanParking компаниясымен байланысты қылмыстық іске іліккен еді. 2017 жылы ол Алматыдағы ақылы тұрақ операторын басқарған. Кейін бұл жүйе мемлекет меншігіне қайтарылғаннан кейін тергеу басталып, ол күдікті ретінде танылды.
Еске салайық, бұл іске қатысты бірнеше тұлға сотталып, мемлекетке 436 миллион теңге көлемінде залал келтірілгені анықталған. Ал Қайрат Боранбаев 2023 жылы сегіз жылға сотталғанымен, кейін жазасы қысқартылып, шартты түрде босатылған еді.
Фото: qamqor.gov.kz

Ең көп оқылған
