Шығысқа барсаң, экология мәселесі бірінші айтылады

Экологиясы мен қоршаған ортасы тұрғындарды қатты алаңдататын Шығыс Қазақстан облысына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова арнайы сапармен барып, Риддер қаласының тұрғындарымен жүздесті.

  • 19.05.2023

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысына келген-кез келген шенеунікке тұрғындардың бірінші айтатын мәселесі экология. Өйткені Өскемен мен Риддер қалаларында өндіріс орындары көп, олар қоршаған ортаны ластамау технологияларын толық жүргізбеген. Соның кесірінен Өскемен қаласы әлемдегі ауасы лас қалалардың көш басында тұр. Жұтатын ауа лас болғандықтан бұл аймақ тұрғындарында өкпе мен қатерлі ісік аурулары көп. Осындай жағдайда өмір сүріп жатқан тұрғындар Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың қабағына қарап, қадірлі қонақтай күтпегені заңдылық. Кездесуде  экологиялық мәселелерге, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға, кәріз және тазарту қондырғыларына, жануарлар дүниесін, су және орман шаруашылығын сақтауға қатысты сұрақтар ашық қойылды. Министрдің де дайындалып келгені көрініп тұрды. Тұрғындардың сөзін қостап,  биылғы жылдың төрт айында ауаға 13 мың тонна лас заттар шыққанын, бірақ, былтырғы кезеңмен салыстырғанда бұл екі есе аз екенін, табиғатты қорғау шаралары дұрыс жүзеге аса бастағанын сабырмен айтып отырды.

Шығыстағы экологиялық проблемаларын шешу үшін  Жол картасы бойынша,  35 іс-шара жоспарланып,  оның 3-уі орындалғанын, тиісті министрліктің құры қарап отырмағанын алға тартты.

Дегенмен, қалдықтар мәселесінде  қоқыс полигондарының нормаға сәйкес келмеуі, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының көбейіп жатқанын да мойындады.

Былтыр космомониторинг 241 қоқыс үйіндісін анықтап берген. Жергілікті билік оның  80 пайызын тазалап шыққан.

Шығыста ауаның проблемасынан кейін міндетті түрде судың да мәселесі айтылады. Министрге ең көп қойылған сұрақ та осы суға қатысты болды. Өйткені, елдегі су қоймалары мен бөгеттері тозған. Елді-мекендер көктем мен жаз айларында су астында қалып жүр.  

Министрдің айтуынша, 2017-2021 жылдар аралығында аймақтағы 16 авариялық су қоймасы жөнделген. Осы жылдың соңына дейін Зайсан ауданындағы Үйден су қоймасын және Тарбағатай ауданының Қарғыба өзеніндегі бөгет суын қайтадан жаңартылады. Экологияны жақсарту десе, ойға бірінші оралатын әрекеттің бірі ағаш егу. Оның үстіне бес жылдың ішінде республика бойынша 2 млрд. ағаш  егуге қатысты президенттің арнайы тапсырмасы да бар. Шығыс Қазақстан облысы соңғы екі жылда 6,1 млн. ағаш көлемінде 1300 га алқапқа орман дақылдарын егіпті. Ал биыл 1,5 мың га алқапқа 8 млн.дана ағаш екпек.

 

Байланысты жаналықтар

Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

03.07.2024

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

24.04.2024

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

03.04.2024

Президент экология министріне қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді айтты

23.06.2023

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

16.06.2023

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

12.12.2022
MalimBlocks
Шығыс Қазақстан облысында әйелге найзағай түсіп, қаза болды

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өз қызметкерлері оқиға орнына шақырту алмағанын атап өтті.

Шығыс Қазақстан облысында жер сілкінді

Сейсмологтардың айтуынша, зілзала - 2 балл.

Шығыс Қазақстан облысында қуаты 3,3 балдық жер сілкінісі тіркелді

Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан көлінің шығысындағы Боран ауылында магнитудасы 3,3 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент экология министріне қылмыстық жауапкершілікті күшейтуді айтты

Ахметов кетіп, Көшербаев келді 

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жылға жуық Шығыс Қазақстан облысын басқарған Даниал Ахметовті қызметінен босатты. Елдің шығысындағы өңірдің жаңа әкімі болып Ресейде үш жыл елші қызметін атқарған Ермек Көшербаев тағайындалды. 

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.