Шымбұлақта апаттың алдын алу үшін қар көшкіні жүргізілді

Алматы қаласының тауларында қар көшкінінің жүру қаупі болғандықтан, құтқарушылар профилактикалық қар түсіру жұмысын жасап жатыр.

Ақниет Аманжолқызы

  • 31.03.2022

Шымбұлақ тау шаңғы кешені аумағында демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету  мақсатында "Аваланчер" пневматикалық қондырғысының арқылы  қар көшкіні жүргізілді. Нәтижесінде 300 шаршы метр қар тау шаңғысы трассасына дейін түсіп, Шымбұлақтағы төтенше жағдайлар бөлімінің бульдозері жолды тазалап өткен. Жасанды көшкіннен зардап шеккендер жоқ, қар жазық аймаққа бағытталғандықтан ғимараттарға да зардабы тимеген.

Қазір қалаға жақын тауларда қардың тұрақсыз күйіне және жауын-шашынның түсуіне байланысты көшкін қаупінің жоғары деңгейі байқалады.

Ауа райының құбылуы салдарынан Медеу ауданы Көктөбе ықшам ауданында топырақ көшкіні жүріп өткен. Көшкін Нұрмағамбетов көшесінен Орманов көшесіне дейін жүріп, "Жайлау" этно-кафесінің аумағына келгенде 450-500 текше метр топырақ болған. Абырой болғанда көшкін Кіші Алматы өзенінің арнасына түспеген. Қазселденқорғау мекемесі мен төтенше жағдайлар департаменті аймақты топырақтан тазалап шыққан.

Қалалық төтенше жағдай департаменті мен Қазселденқорғау мекемесі тұрғындарды тауға бармай тұра тұруға шақырады. Сонымен қатар, 30 наурызда қала мен тауға жауған жауын-шашын әсерінен таудағы қар жамылғысы тұрақсыз болып тұрғанын ескертеді. Яғни 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында тауда қатты қар көшкіні жүруі мүмкін.

Төтенше жағдайлар министрлігі жауын-шашын мен қар көп түсетін таулы аймақтарда және топырақ көшкінінің қаупі бар аймақтарда тұрғын үй салмауға шақырады. Үйлерді салу, жолдарды кесу, жоспарлау жұмыстары үшін таудың бір бөлігін бұрғылау да қауіпті. Мұндай жерлерде үй салған жағдайда герметикалық емес септиктерді, дәретханаларды және т. б. жеңіл құралдарды пайдалануға тыйым салынады. Тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай иелеріне су құбыры және суару құбырларының жай-күйін ұдайы бақылап отыру керек.

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды