Терроризм, кісі өлтіру, қару ұрлау бойынша 819 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Айшолпан КЕРІМ

  • 22.01.2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, Бас прокуратура, ҰҚК, Қорғаныс және ІІМ басшыларының кеңесі өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Президентке еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» деп аталатын шұғыл алдын алу шараларының жүзеге асырылу барысы туралы баяндады.

Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалған.

“Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету, бұзақылық, мемлекеттік органдардың ғимараттарына шабуыл жасау және басқа да қылмыстар бойынша 1 822 қылмыстық іс қозғалды. Оның 116-сы арнаулы прокурорларға жолданды. Ішкі істер министрлігі жеке қауіпсіздік департаменті жанынан сенім телефоны іске қосылды", - деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. 

 

Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов мемлекет басшысына терроризм мен жаппай тәртіпсіздік деректері бойынша жүргізіліп жатқан тергеу амалдарының барысы туралы есеп берді. Сондай-ақ ұсталған азаматтардың құқығын қамтамасыз ету үшін прокурорлардың қабылдаған шаралары жөнінде баяндады. Бас прокурордың сөзінше, олардың бәрі қорғау, заңды көмек алу, шағым жасау құқығымен қамтамасыз етіліп жатыр. Прокуратура органдарына қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардан 84 шағым түскен. Қадағалау шаралары бойынша ұсталған 96 адам босатылған.

Сонымен қатар қадағалау органының жетекшісі нақты дәлелі жоқ жағдайларда жазаны жеңілдету жөніндегі мемлекет басшысының берген тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді. Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, әкімшілік тәртіпке сәйкес сот шешімімен 3314 адам тұтқындалған. Прокурорлар 1884 іске қатысты жазаны жеңілдету жөнінде өтініш берген. Оларды тексеру нәтижесінде 1083 адам тұтқыннан босатылған. 493 азаматқа салынған айыппұл ескерту жазасына ауыстырылған.

Бұдан бөлек жиында Бас прокуратура бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов терроризм, кісі өлтіру, қару ұрлау бойынша 819 қылмыстық іс тергеліп жатқанын мәлімдеді.

«Осы істер бойынша 970 күдікті қамауға алынған. Оның ішінде 782-сі сот санкциясымен қамалған. 29-ына үйқамақ түріндегі бұлтартпас жазасы қолданылған. 464 адам – терроризм және жаппай тәртіпсіздік істері бойынша ұсталған. 226 адам – ұрлық, 60 адам - қаруды заңсыз сақтау, 39 адам - қаруды жымқыру, 25 адам - бұзақылық, 21 адам тонау деректерімен қамауға алынған», - деді Елдос Қилымжанов

Бұдан өзге брифингіде айтылған негізгі мәліметтер:

  • Прокуратураға азаптау мен азаматтардың құқықтарын бұзу бойынша 91 шағым түскен. 19 шағымдағы мәлімет расталмаған, 56-сы тергеліп жатыр.  
  • Прокурорлар Алматыдағы уақытша қамау изоляторын тексеру барысында дене жарақаты бар 73 адамды анықтаған, оның үшеуі босатылған. Оқ жарақаты бар 29 адам қалалық ауруханаға жатқызылған. 41 адам тергеу изоляторында медициналық көмек алған. 
  • Ұсталғандарды азаптау, өлтіру және оларға қатысты билік өкілетін асыра пайдалану баптары бойынша 16 қылмыстық іс қозғалған. 
Байланысты жаналықтар

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024
MalimBlocks
Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау