Тіл саясаты. Қоғам мен мемлекет

  • 11.04.2023

 

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Тәуелсіз Қазақстандағы кез келген адам көз ашқалы осы сөзді естіп келе жатқан болар. Бірақ, барлық мәсел осымен шешіле қалса қанеки. Бұл статусты бергеннен кейін, соған лайық шаруалар атқарылуы тиіс. Оның үстіне Қазақстан сияқты күрделі геосаси аймақта орналасқан, кеше ғана бодандықтан шыққан жас мемлекет үшін тіл мәселесінің түйінін бір күнде шешіп тастау мүмкін де емес. Дегенмен, отыз жыл бойы шешілмеген проблемалардың бар екені де көңілге келмей тұрмайды.

Жаңа мыңжылдықта қазақ тілін дамыту мәселесінің алдынан жаһандану үдерісі де өз ықпалын тигізіп, күтіп алды. Әлемдік тенденцияда ғылым мен техника тілі бұрынғы басымдығын одан ары дамыта түсті де, біздің тіліміз сияқты қиындыққа тап болған тілдерге деген қызығушылықты төмендетіп жіберді. Мұндайда тіл саясатына мемлекет тікелей араласпаса болмайды. Сондықтан, соңғы кездері қабылданып жатқан бағдарламалар мен тұжырымдамалардың маңызы өте зор. Біз тоқталмақ тұжырымдама 2020-2025 арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Елдегі тіл саясатын дамытудың және оны іске асырудың 2020-2025 арналған мемлекеттік бағдарламасы үш бағытта жұмыс атқарып келеді.

  • Латын әліпбиі негізінде қазақ тілін жаңғырту;
  • Мемлекеттік тіліміздің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін; күшейту
  • Қазақстан Республикасының азаматтарының тілдің капиталын дамыту.

Сонымен қатар төрт нысаналы мақсаттағы индикаторлармен 17 көрсеткішке жету қарастырылған.

Тіл саясатына бөлініп жатқан қаржы көлемі де аз емес. Жалпы, бұл бағыттағы жұмыстарға жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Ал, нәтижеге жету жағы бөлек әңгіме. Өткен жылға бағдарламаның бюджеті 131 миллион теңгені құрайды. Ал, мемлекттік бағдарламаны іске асыру үшін 73,9 миллион теңге қарастылырылған, 2021 жылға жалпы сома – 73,6 миллион теңгені құраған.

Әрине, ауызды қу шөппен сүрте беруге де болмайды. Жетістіктер жоқ емес, атқарылған шаруаның нәтижесіз қалуы мүмкін емес. Мемлекеттік тілді дамыту аясында тілдің мәртебесі мен оның қолданысқа толыққанда енуі үшін іс-шаралар мен көптеген жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Сондай-а,қ қазақ тілін мемлекеттік және этносаралық тіл ретінде қолдануды да қолға алып жатыр.

Осы мақсатта, Тіл саясаты комитеті «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 жыл мен 2029 жылдар арасындағы тұжырымдамасын бекіту туралы» Үкімет қаулысын дайындады.

Аталған құжат мемлекеттік тілдің дамуы мен қоғамдағы қолданысын кеңейтуге, сонымен қатар тілдің мәртебесін арттыруға септігін тигізеді деп көрсетілен. Аталған тұжырымдама негізгі мақсатына қол жеткізу мақсатында 13 негізгі нысаналы индикатор мен 5 күтілетін нәтиже қарастырылып отыр:

  • Республика бойынша қазақ тілінде сөйлейтіндер 84 пайызға
  • Үш тілде сөйлейтін азаматтар саны 32 пайызға
  • Жаңа әліпби мен емле ережесін оқу курсымен қамтылғандар саны 15 пайызға
  • Орталық және жергілікті атқарушы органдардың үлесі 94 пайызға
  • Латынграфикалы алфавиттің емле ережесі негізделген терминологиялық қор үлесі 40 пайызға өсу көзделіп отыр.

Аталған жоспар бойынша қазақ тілінің даму көп бағытты қамтып, мемлекеттік тілдің өсуіне ықпал жасайтын іс-шаралар мен индикаторлар негізінде қолданысқа енуін жоспарлап отыр.

Тұжырымдама бойынша 6 бөлім және іс-қимыл жоспары қарастырылған. сонымен қатар қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру жұмыстары жайлы да жазылған.

Қазақ тілінің латын графикасына көшіру үшін мынандай проблемалар бары аталған. Ол қазақ әліпбиі мен емле ережесінің тиісті нормативтік құжаттармен бекітілмегені және кейбір ғалымдар мен қоғам мүшелерінің латын әліпбиі құрамында бірқатар таңбаларға қарасты пікір алшақтықтары барын сонымен қатар қоғамдағы тілдік әркелкілік жағдайына байланысты латын графикалық әліпбиін енгізу ұзаққа созылуы мүмкін деген. Сондай-ақ БАҚ-та латын әліпбиі туралы және оны енгізу туралы көптеген субьективті пікірлер бары да айтылған.

Осы тұжырымдаманы талқылау барысы 25 сәуірге дейін созылуы мүмкін. Осы аралықта тіл мәселесі туралы қоғамдық пікір де назарға алынады. Сондықтан, тіл мәселесінде қазақ тілі, қазақ ұлты үшін жаны ауыратын азаматтардың белсенді болғаны маңызды екені айтпаса да түсінікті.

Осы тіл мәселесіне байланысты, тілдің болашақ ұрпақтарымыз үшін маңыздылығы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн. Оған сұраныс жоғары», - деген.

Ана тіліміздің мәртебесі тамыры терең тарихымыздан бері бабаларымыздан мұра болып келе жатқан киелі ұғым. Еліміздің елдігі мен ертеңі қазақ жастары мен ана тіліміздің асқақтығында. Бүкіл әлемдегі елдермен табан тірестіріп, қатар дамуда, елдің экономикасының алға жылжуы мен қазақ тілін брендке айналдыруда келешек ұрпақтың қосатын үлесі орасан зор.

Сондықтан, қазақ жастарының саналы да білімді, жан-жақты болуы заман талабы. Тілді реформалау, тілді дамыту, тіл мәртебесі осылардың бәрі айналып келгенде өзіміздің тарихымызға, салт-дәстүрімізге, отанымызға деген құрмет пен ізет.

 

Байланысты жаналықтар

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

04.12.2023

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

02.12.2023

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023
MalimBlocks
Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған. 

Қарағандылық әскери қате салынған екпеден көз жұмды

Тексеріс барысында жіберілген қателер анықталды

Халық билігін күшейту – демократиялық жүйенің алға сүйреушісі

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады: