Тіл саясатын реформалау – маңызды қадам

«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген сөз бар. Ауыр үкім. Және әділ анықтама. Бұл әр ұлттың өз болмысы үшін, өз тілі үшін күресуі керек екенін көрсетеді. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыс, мемлекеттік идеология ешқашан тоқтамауға тиіс.
Қазақстандағы тілдік жағдайдың қай деңгеде тұрғаны белгілі. Кемшіліктер көп және атқарылған шаруалар да аз емес. Бұл тұрғыда қоғамдық пікір де жиі ашық айтылады, көп талқыға түседі. Сондықтан, мемлекеттік саясат тіл мәселесіне жыл сайын арнайы бағдарламалар әзірлеп, оны іске асыру үшін қаншама қаржы бөледі. Әрине, нәтиже әр түрлі. Ең бастысы қозғалыс бар ғой дейсің. Соңғы жылдары келтірілетін статистикаларда да мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңіп келе жатқаны байқаймыз. Бір уақыттарда өз ұлты өз жерінде азшылықта қалған, өз тілін өгейситіндер сол тілді қолданушылардан әлдеқайда көп замандар болғанын ескерсек, қазіргі 70 пайыздан жоғарғы көрсеткіш аз жетістік емес.
Биыл тіл саясатын жамытудың жаңа тиұжырымдамасы бекітіледі. Бұған қатысты қоғамдық талқылаудлар жүргізіліп, арнайы кеңес, арнайы комиссия жұмыс атқарды. Қазақстан Республикасы Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдар арасында арналған тұжырымдама жобасынын талқылаудың қорытындысына байланысты халық пікірі мен тілектері ескеріліп, тұжырымдамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.
Жалпы, тілге қатысты реформа қазақ тілінің дамуына бағытталатыны түсінікті. Бұл турасында президент те айтқан. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін тіл мәселесінде реформа мен модернизация тек қазақ тіліне қатысты болатындығын ескерткен.
«Біз қазіргі саяси жүйені реформалаудың маңызды қадамын жасап жатырмыз. Саяси бастамалардың алғашқы топтамасы мемлекет тарапынан нығайтылды. Реформалаудың басты міндеті – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру», - дейді президент.
Құжатты дайындау кезінде бірқатар мәселелер қаралды. Тіл саясаты бойынша кешенді әлеуметтанушылық пен талдамалық зерттеу жүргізіліп, олардың қорытындылары жан жақты қаралды және олар талданып, қабылданды. Тұжырымдаманы жүзеге асыру елдегі тілдің жай-күйі мен әлеуетін және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік саланы дамытудағы қосатын үлесін арттыруға, өңірлік деңгейдегі өзекті, маңызды шараларды жүзеге асырып, атқаруға септігін тигізетіні айтпаса да белгілі.
Мемлекеттік тілді реттеудің, реформалаудың бір жолы – әліпби ауыстыру. Латын әліпбиіне көшу десеңіз, қазір, балабақшадағы бес жасар бала да хабардар екенін айтады. Өйткені, соңғы қанша жыл бойы осы мәселемен қоғам да, ғалымдар да аз бас қатырған жоқ. Бұл турасында қоғамда түрлі қызғылықты оқиғалар да жиі болады. Дегенмен, осы уаққа дейін ұсынылған әліпбилік нұсқалардың ешқайсысы көптің көңілінен бірдей шыға алған жоқ. Ғалымдар мен комиссия мүшелері де бір ортақ тоқтамға келе алмай жүр.
Аталмыш құжаттың жобасына қазақ тілі мен тілдің латын әліпбине көшуі туралы жан-жақты талқыланып, қарастырылған әліпбидің түпнұсқаларын дайындау барысында туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылған. Бұл құжаттың талқылануы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев та латын әліпбиіне көшу туралы өз пікірін айтқан.
«Мен латынға көшу туралы айтқым келеді. Оның үстіне бұл мәселе ұлттық кеңестің отырысында көтерілді. Бұл мәселеге асығыс жол берілмейді. Жаңа әліпбидің жаңа аспектілерін мұқият тексеріп, жан-жақты талдау және талқылау қажет. Ұсынылған нұсқалар жетілмеген болып шықты, сондықтан, бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарау қажет, оны жеңілдетуге болмайды. Біз тек кириллица алфавитін латын әліпбиіне көшіру туралы айтып отырған жоқпыз. Егер тілімізді жаңғыртқыларыңыз келсе, бізге қазақ тілін реформалау керек», - деді Президент.
Сондай-ақ, президент бұл мәселеде осы сала мамандары мен лингвит ғалымдардың сонымен қатар, филологтардың да беделді пікірлерін де күтіп отырғанын жеткізген. Әрине, мұндай ұлттық мәселеде атүсітілік жүрмейді. Және ешкімнің көңіліне қарауға, біреулердің қабағына қарау да үлкен қателік болмақ. Әтпесе, латын әліпбиін жаңа ғасыр басталмай тұрып қабылдап тастаған Өзбекстанның мысалы бізге сабақ болу керек. Қазір өзбектерден сұрай қалсаң, кейбір жағдайларда жазуға қатысты буынаралық мәселердің кездесіп жататынын, тіпті, кейбір азаматтарының жаңа әліпбиді үйреніп үлгере алмауы салдарынан сауатсыз адамның күйін кешіп отырғанын айтады. Сол себепті, бұл мәселе кезең кезеңімен, стратегиялық жоспар бойынша жүзеге асуға тиіс.
Құжатты талқылау түйіні бойынша халықтің пікірі мен ойлары ескеріле отырып құжатқа өзгерістер мен толықтыруларды енгізетін болады. Сондай-ақ, осы бағыттағы атқарылатын жұмыстар кезең-кезеңімен жүріп отыратын болады. «Ашық НҚА» порталына ораластырылған жоба түпкілікті жоба емес екендігін де еске сала кету керек.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.