Тілдің дамуы – қолданыс аясының кеңеюі

  • 04.03.2023

 

Президентіміз үстіміздегі жылдың наурыз айында тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжанованы қабылдаған болатын. Фазылжанованың айтуынша институт үш бағытты жұмыс атқарады. Біріншісі – қазақ тілі тіл білімінің теориялық аспектілерін әлемдік тіл білімінің даму жағдайын реттеу, екіншісі – қазақ тілін цифрландыруға көшу, яғни, қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпараттық ресусты құру, үшіншісі – қазақ тілін реформалау. Мақсаты – қазақ тілінің ғылымда қолданысын арттыру, қазақ тілін насихаттау.  

Бүгінгі таңда қазақ тілін реформалауға ұсыныстар, қазақ тілін дамытуға бағытталған жұмыстар, тілдің мәртебесін көтеру мақсатындағы іс шаралар  көптеп жүргізіліп келеді.  Тілдің қоғамдағы қолданысын арттырып, өскелең ұрпаққа ана тілімізді дәріптеуді, қоғамдағы қызметін реттеуді қолға алып отыр. Ол бойынша қазақ тілін реформалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Біздің мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі. Тілдің өркендеп дамуы, жетілуі тұрмыс-тіршілігіміздің барша саласында кең қолданыста болуымен байланысты.

Осы ретте еліміздегі балабақша және мектепте, жоғарғы оқу орындарында тілдің мәртебесін қолға алу мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Мыңдаған қазақ тілді мектептер салынып, қазақ сыныптарының саны артуда. Өткен жылмен салыстырғанды биылғы жылы елімізде қазақ тілді мектептерінің саны артқан. Мысалы Қазақстан бойынша жалпы 7 мыңнан астам мектеп бар, оның ішінде 49 пайызы қазақ тілінде, 15 пайызы орыс, ал, аралас мектептер 36 пайызды құрайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев               «мектептердің бастауыш сыныптарында қазақ тіліне басымдық берілгені дұрыс» деген сөзі де бар.

Ал, жоғарғы оқу орындарының саны шамамен 180-ге жуық. Оның 55-і мемлекеттік, ал 112-і  мемлекеттік емес жоғары оқы орындары. Жоғарғы оқу орындарында тіл тазалығы мен тіл саясатын дамыту тақырыптары бойынша ғылыми жобалар мен дәрістер кеңінен өткізіліп талданып отырады. Әсіресе, педагог мамандығын таңдаған түлектер үшін тілдің мәртебесі мен маңызын оқушыларға түсіндіру, тілдің болашаққа қажеттілігін түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілгені дұрыс.

Бірнеше жылдан бері қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру туралы мәселелер талқыланып келеді, және жаңа алфавиттің бінеше нұсқалары да ұсынылған, бірақ олардың ешқайсысы  көңілден  шықпаған.  Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге асығыс жол берілмейтіндігін және жаңа әліпби енгізбес бұрын оны жан-жақты талдап, мұқият тексеріп, пысықтау қажет екендігін және бұл мәселеге ғылыми тұрғыдан қарап жеңілдетуге болмайтындығын айтқан болатын. Ол «тілімізді жаңғыртқыларыңыз  келсе –онда қазақ тілін реформалау керек», - деді.

Тіл –ұлттың жаны, тілде салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз, тарихымыз бен болшағымыз жатыр. Тілді насихаттағымыз келсе ең алдымен өзіміз қазақ тілін үйде, қоғамдық жерде, мекемелерде талап етуіміз керек, оны дәріптеу әр қазақтың борышы.

Үш тілді меңгеру – заман талабы. Оның мақсаты: баланың жан – жақты , заманға сай болып, әлеуметтік – кәсіптік жағынан қабылетті, бәсеге төтеп беретін, мәдениетті тұлға болып өсуін қамтамасыз ету. Ана тіліміздің дәріптелуін ең алдымен отбасындағы тіл тазалығынан бастау алуы қажет. Бұл мәселе бойынша қазір қоғамның өзі де оянып, көптеген мәселелерге байланысты өткір талаптар қойып жүргенін көріп жүрміз. Демек, мемлекеттік тіл саяатында қазақ тілінің мәртебесін көтере түсу бәріміздің міндетіміз.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін