TIMSS-2023. 12 мың оқушы халықаралық зерттеуге қатысады

  • 28.03.2023

 

Еліміздің төртінші және сегізінші сыныптың оқушылары халықаралық  «TIMSS» зерттеулеріне қатысады.

Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінен жеткен ақпаратқа сүйенсе,к биылғы жылдың сәуір айынан бастап TIMSS-2023 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі басталмақ. Оған Республикалық маңызы бар 3 қала және өңірлердегі 195 мектептен 12 мыңнан астам оқушы қатысады.

«Зерттеудің мақсаты – бастауыш және негізгі мектеп оқушыларының жаратылыстану мен математикалық дайындығының сапасын бағалайды. Оған төртінші және сегізінші сыныптардың оқушылары, мектептер әкімшілігі, математика мен жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері, төртінші сыныптың ата – аналары қатысады, және оқушылар тестілеу мен сауалнамадан өтеді. Ата – аналар мен әкімшілік, мұғалімдер арасында сауалнамалар жүргізіледі, және бұл зерттеу осы жылдан бастап компьютерлік форматта өткізілмек» , - деді комитет төрағасы Ернұр Дауенов.

Енді, бұл зерттеудің мән-маңызы туралы бірер сөз. Халықаралық  TIMSS зерттеулері 1995 жылдан бастап 4 жылдық  кезеңмен өткізіліп келеді, Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы ҚР ғылым және білім министрлігіне қарасты «Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығында» өткізілді.

Бұл зерттеу оқушы қабілетін емес, оқу барысындағы үйренген білімі мен дағдыларын өмірлік тәжірибелерінде қолдана білу қабілеттіліктерін бағалауға негізделген. Зерттеу білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясымен жүзеге асырылады. Оның құрамына Білім саласын тестілеу қызметі (ETS – АҚШ); Канада статистика орталығы (statistics Canada); Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясының ақпараттарды өңдеу орталығы (DPC IEA – Data Processing Center IEA,Германия); Білім жетістіктерін бағалаудың Халықаралық Ассоциациясының хатшылығы (IEA, Нидерланды); Халықаралық басқарушы орталығы (Бостон колледжі) сияқты атақты оқу орындары кіреді.

Халықаралық бұл зерттеуде типтік математикалық есептер берілмейді. Ол жерде математикалық тапсырмалар өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған ортамен, мектеп өмірімен, оқушының жеке өмірімен, өміріндегі түрлі жағдайдағы математикалық талдауды талап ететін мәліметтер, кәсібилігі және спорт туралы мәліметтер беріледі.

TIMSS зерттеулері 3 математикалық құзыреттіліктің деңгейлерін қарастырады: білім деңгейі, қолдану деңгейі, тұжырымдау деңгейі. Ол арқылы қатысушы елдердегі оқушылардың білім деңгейлері, білім жүйесіндегі өзгерістерді, жүргізіліп жатқан реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік туады.

Зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстанның бұған дейінгі зерттеулерге қатысу қорытындыларын ескеріп, ұлттық есеп жарияланады. Зерттеу арқылы мектептегі білім деңгейі мен сапасын анықтап, жаратылыстану, математикалық циклды пәндерін оқытудың жаңа әдістемелерін пайдалана алады.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін