Тұлғалық даму колледжден басталады

Білім ошақтары тек білім беріп, диплом таратумен ғана айналыспауға тиіс. Әл-Фараби атыпты дейтін «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» қағидасының алдыңғы орынға шығатын жері де осы. Адам тек оқумен ғана емес, оқығанын тоқумен дамиды. Қандай мамандық иесі болса да ол ең алдымен жек тұлға ретінде қоғамнан өз орнын табуға тиіс. Бұл, әрине, білім беру ошақтарынан бастау алады.
Осы тақырып бойынша оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев колледж басшыларымен кездесу өткізіп, студенттерді тұлғалық дамыту және олардың заманауи ілім-білімнен, иноовациядан хабардар болуы жайлы сөйлесті. Кәсіптік білім беру мен техникалық білім беру жүйесін дамыту және қамтамасыз етудегі өзекті мәселелерін талқылау мақсатында еліміздегі 772 коллдеждің директорлары мен оқу ағарту орындарының құрылтайшылары қатысқан бұл кеңесте оқу-ағарту министрі колледждер білім беру жүйесінің тұрақты дамуының негізгі факторына айналуы керек деп атап өтті.
«Біздің мақсат жастардың кәсіпкерлік және кәсіби, шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында ТжКБ жүйесін тиімді құру. Жастардың шығармашылығына, тұлғалық дамуына, әлеуметтік шыңдалуына, инновациялық және кәсіпкерлік тұрғыдан жандануға дем беріп, жәрдемдесетін орталыққа бірден бір айналуы тиіс орын – колледждер. Студенттердің кәсиби тұрғыдан дамыту үшін бизнес өкілдерінің қатысуы мен ТжКБ ұйымдары жанынан 100 бизнес-инкубаторы құрылуы тиіс» деді- Ғани Бисембаев.
Сондай-ақ министр колледждердің басшыларына бірқатар тапсырмалар тапсырды. Ол мемлекеттік тапсырыс талаптарын қатаң сақтауды, тәрбие жұмыстарына бақылауды күшейтіп, кадрларды дайындауды жетілдіруді, педагогтердің сапасын үнемі арттырып отыруды сонымен қатар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға жатақхана беру жайынды керекті шараларды қабылдау жайлы тапсырмалар берді.
Кеңес барысында Оқу-ағарту министрлігінің құрылымдық басшыларымен колледж директорлары сұранысқа ие мамандықтар негізінде тегін техникалық, кәсіптік біліммен қамтып, кадрларды дайындау процесіне бизнесті тарту сондай-ақ педагог кадрлардың сапасы жөнінде мәселе көтерді. Жалпы, жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселесі де өте өзекті жайт. Жастайынан іскер болып қалыптасқан адам, уақыт өте келе әлемдік өзгерістер жасауы мүмкін. Қазіргі әлемді өзгерткен ұлы жаңалықтардың басым көпшілігі универститет немесе колледж қабырғасында жасалғанын айтсақ та жеткілікті.
2022 жылы ТжКБ ұйымдары академиялық дербестікке ие болған, қазіргі таңдағы нарықтың қажеттіліктерін ескере отырып,білім берудегі бағдарламаларының мазмұнын өздері анықтап отырады. Қазіргі таңда кадрларды дайындау дуальді оқыту шеңберінде жұмысқа алушымен тығыз жұмыс істеу жолға қойылып, өзара байланыс дамып келеді.
Министр, сондай-ақ, кәсіптік білім алып жатқан студенттермен де кездесу өткізді. Ол бұл кедесуде кәсіптік білім алып жатқан студенттерге берілетін артықшылықтар мен жасалатын мүмкіндіктер пакетінің мұнымен тоқтамайтынын, олардың мамандықтарын танымал ете түсу үшін әлі де талай шаруа атқарылатынын айтты:
« Министрлік техникалық және кәсіптік білім беру сапасын арттыру бойынша бірқатар шаралар қабылдауды. Ағымдағы жылдың бірінші қыркүйегінен бастап коллдеж студенттеріне стипендия 50 пайызға, келесі жылдың көрсеткіші 100 пайызға, яғни екі есеге дейін артады. Коллдеж студенттері әлеуметтік пакетпен – жол төлемдерімен және ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Дуалды оқыту шеңберінде коллдеж студенттеріне практикадан өту кезінде еңбек өтілі есептелінеді. Колледж студенттері үшін жыл сайын 2000- нан астам орынға жатақханалар салу жоспарлануда»,-деді Ғани Бейсембаев.
Бұл кездесуге еліміздің 20 өңірінен 500-ге жуық жастар, колледждердің өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөнінде пікірлерін білдіріп, бірқатар мәселелер көтерді.
Жалпы, Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін кеңінен дамыту мен жаңғырту мақсатында педагогтердің кәсіби шыңдалуы мен дамуы, олардың инновациялық белсенділігі, өздерін жеке шыңдауы мен ұмтылуы күннен күнге сұранысқа ие болып келеді. Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың даму көрсеткіші барлық студенттерді сапалы, жүйелі білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен айналысуын, ойлау қабілеттілігін артуды талап етеді. Сондай-ақ, маман ретінде қалыптасуға бағытталған арнаулы пәндерді оқыту процесінің негізгі бағыты – арнайы әдістер мен жүйелі түрде қолданып, студенттердің интеллектін, шығармашылық ойлауы мен кәсіби-ғылыми көзқарастарын жетілдіру, яғни, студенттің өз бетімен білім ала алу қабілеттін ашу болып табылады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.