Түркісіб тұрғындарымен екінші кездесу: Досаев есеп берді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Түркісіб ауданы тұрғындарымен кездесуінде не айтылды?

  • 30.11.2022

Алматы қаласының әкімі жыл басынан бері тұрақты түрде әр аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп келеді. Аудан тұрғындарымен кездесудегі басты мақсат – елдің өз аузынан қандай мәселе бар екенін білу ғана емес, әкімдік тарапынан атқарылатын шаруалардың жайынан хабардар ету. Бұл өз кезегінде халықты әлеуметтік қорғау мәселесіне де қатысты жағдай.

Алматы әкімінің міндетін атқарушы Ерболат Досаевтың халықпен кезекті кездесуі Түрксіб ауданында өтті. 200-ден астам адам қатысқан тұрғындармен кездесуде қала мэрі Түркісіб ауданының дамуы және тұрғындардан түскен ұсыныстар бойынша атқарылған жұмыстар жайлы есеп берді.

Жалпы, ауданда қазіргі таңда ең өзекті мәселенің бірі инженерлік желілерді жаңғырту ісі. 2022 жылы бұл бағыт бойынша біршама шаруалар атқарылды. Жалпы, әкімнің бұл шаруалар жайлы айтқанын жиып-теріп айтсақ, қазіргі жағдай былай болады:

«Ауданда инженерлік желілерді жаңғырту мәселесі өзекті мәселе болып қала береді. Биыл жыл басынан бері 71,6 км инженерлік желі салынды, жұмыс аяқталған соң 20 мыңнан астам тұрғынға орталық коммуникацияларға қосылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 3 кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталады. Бұған қоса, сумен жабдықтау бойынша тағы 64,4 км желі құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы алынды. Ауданды тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін «Шуақты» ықшам ауданында 5,5 шақырым ескі электр желісі модернизацияланып, оның 95%-ы реконструкциядан өтті. 2023 жылдың басында «Әлмерек» және «Қайрат» ықшам ауданында электр желілерін реконструкциялау басталады. «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынуда, бұл жұмыстар 2023 жылдың маусым айында аяқталады деп күтілуде».

Айта кетерлігі, бұл кездесу Ерболат Досаев пен Түркісіб ауданы тұрғындарының алғашқы кездесуі емес. Мұның алдында әкім мен халық маусым айында кездесу өткізген. Сол кезді еске алсақ, дәл сол жиында Жахангер көшесіндегі 22 үйде электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша проблема бар екені айтылған. Электрмен жабдықтауды қолға алсаңыздар деген өтініш айтылған. Осы жолғы кездесуде сол айтылған мәселенің шешімін тапқанын білдік. Қазіргі таңда жаңа электр желісін салу жұмыстары толық аяқталып, соның арқасында аталған үйдің тұрғындары қалалық желіге қосылған және үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етіліп отыр.

Алматының бір сәні – түнгі көркі екенін ескерсек, түнде қала көшелерінің самаладай жарқырап тұруы өте маңызды. Жалпы мақсат қала көшелерінде қараңғы қуыс қалдырмау болса, жыл соңына дейін Түркісіб ауданы көшелерінің 90 пайызы тоықтай жарықпен қамтылмақ. Бұл магистральдық көшелер бойынша көше жарығы желілерін модернизациялау жұмыстары аясында атқарылған бір шаруа.

Жол мәселесі. Бұл жағынан да ауданда біраз шаруа атқарылыпты. Түркісібте жалпы ұзындығы 9 шақырымды құрайтын 17 көше жөндеуден өткен. Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын 89 көше ағымдағы жөндеуден өтсе, ұзындығы 9 шақырымдық 11 көшеге тротуарлар салынған. Бұл жол инфрақұрылымын және қоғамдық көлікті дамыту мәселесі бойынша біраз мәселені шешеді деп күтуге болады.

Алматы ең үлкен қала, сәйкесінше мектептердегі орын тапшылығы мәселесі жыл сайын көтеріледі, тиісінші, мектептерді кеңейту, модернизациялау немесе жаңа мектеп ашу туралы жиі естіп қаламыз. Бұл бағытта №59 мектеп-гимназия ғимаратын реконструкциядан өткізіп, 900 орынға көбейту қарастырылып қойған. Келер жылы осы аудандағы екі мектепте бірдей 1050 орындық қосымша құрылыс басталмақ екен.

Қала әкімі бұдан басқа да атқарылып жатқан мәселелер туралы:

«Медициналық қызмет көрсетудің қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін желтоқсан айында «Нұршашқан» ықшам ауданында күніне 100 келушіні қабылдайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталады. 2023 жылдың I тоқсанында Айбасов көшесіндегі ауысымына 200 адам қабылдайтын тағы бір дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Бұған қоса, жыл соңына дейін 174 мекенжайда 322 бейнебақылау камерасы орнатылады. 2023 жылдың сәуір айында 96 мекенжайда тағы 448 «Сергек» камерасын пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында қазір Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл бағдарлама аясында 28 жоба іске асырылған. Оның 14-і абаттандыру орны, 10-ы балалар және спорт алаңдары және 4 контейнерлік алаң.

Жалпы, бұл кездесуде тұрғындар не айтты дегенге келсек, көп проблема осы жолдарды, кәріз және электр желілерін жөндеу, абаттандыру сияқты әлеуметтік  мәселелер төңірегінде болды. Бұл мәселелер бойынша алдағы уақытта да тиісті шаруалар атқарылады деп сенеміз.

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.