ТҮРКІСТАН:  КОНСТИТУЦИЯ КҮНІНДЕ ЕЛДЕГІ САЯСИ РЕФОРМАЛАРДЫҢ ӨҢІРГЕ ӘСЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫЛДЫ

Malim Админ

  • 29.10.2023

Түркістан облысының орталығында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» атты шара өтті. Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Түркістанның 5 жыл ішінде әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды. Президенттің саяси реформалары арқылы өңірде маңызды өзгерістер болып жатқанын жеткізді.

 – Құрметті Түркістандықтар! Сіздерді еліміздің маңызды мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын! Ата Заң – айбарлы еліміздің ең ұлы құндылығының бірі. Біз, бүгін мызғымас бірлік пен заң үстемдігініңарқасында елімізді дамытып, қасиетті қаламызды түлете білдік. Биыл Түркістан қаласында Түркі елдерінің туризм министрлерінің басқосуы жоспарлануда. Қазіргі уақытта шет елдерден және еліміздің аймақтарынан келетін туристердің саны өсуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей қолдауымен өңірде ауқымды жобалар қолға алынды. Осы маңызды істерді атқаруға үлес қосып жүрген баршаңызға алғысымды білдіремін. 1995 жылы 30 тамызда ең жоғары заңдық күші бар құжат – Ата Заңымыз қабылданды. Онда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Әр қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезініп келеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр еліміздің Ата Заңынаөзгерістер енгізу жөнінде жалпы халықтық референдум өтті. Аса маңызды шешімдер қабылданып, 30-дан астам заң баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Жаңа басқару жүйесіне сәйкес Парламенттің ықпалы арта түсті. Жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі екені анық жазылды. Осы арқылы Жаңа Қазақстанға тың бетбұрыс басталды. Ата Заңымыздың арқасында қол жеткізген табыстар. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Конституциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі болсын! Ата заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз өркендей берсін! – деген Дархан Сатыбалды реформалар нәтижесінде қол жеткізілген көрсеткіштерді баяндады.

Береке мен бірлігі жарасқан, 50-ге жуық этнос өкілдері мекен еткен Түркістан өңірінің әлеуметтікэкономикалық дамуы да қарқынды жүруде. 5 жыл ішінде Түркістан облысы айтарлықтай жетістіктерге жетті. Тек биылдың өзінде өнеркәсіп өнім көлемі 519 млрд. теңгені құрап, 4,5 пайызға артып отыр. 360 млрд. теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі өткен жылдан 10 мың гектарға ұлғайып 870 мың гектарға жетті. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде 3 млн. тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдері жиналды. Елімізде салынған жылыжайлардың 71 пайызы облысқа тиесілі. Жалпы көлемі 1 мың 577 гектарға жетіп, 117 мың тонна өнім өндірілді. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру бойынша облыс деңгейінде іс-шаралар кешені қабылданды. «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» тәжірибесі аясында 2 мың 411 жоба жүзеге асырылды (9 403 га). 241 мың тонна көкөніс өнімі жиналды. Салаға бағытталған инвестиция 1,5 есе артты (47,7 млрд.тг.). Нарықты отандық өнімдермен қамтамсыз ету мақсатында облысымызда инвестициялық 25 жоба іске асырылып, 334 жұмыс орны ашылды (10 млрд.теңге). Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен ағымдағы жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы 6 бағытта жүзеге асуда. Республикалық бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық бөлініп, пилоттық жобаға 64 ауылдық округ кірді.

Жобаны іске асыру нәтижесінде:

- 3 413 жаңа жұмыс орны ашылады;

- қатысушылардың орташа табысы өседі;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны

азаяды.

Бұл жоба өңір тұрғындарының өміріне келер жылы өзгеріс енгізуі керек. Халық сапалы тіршілікке, жаңа кәсіпке жаппай ұмтылуы тиіс. Облыста жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 213 мыңнан асты. Биыл Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы арқылы 21 млрд. теңгеге 333 жобаның несиелері субсидияланды, 4 млрд. теңгеге 230 жобаның несиелері кепілдендірілді. «Бір терезе» форматында «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен жыл басынан 43 мыңнан астам тегін қызмет түрлері көрсетілді. Облыс экономикасына 379 млрд. теңге инвестиция бағытталып (өсім 1,2 есе), оның ішіде 91 млн. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. 2023-2026 жылдарға құны 3 трлн. теңгеге 339 инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылған (14,7 мың жұмыс орны).

Құрылыс жұмыстарының көлемі 158 млрд. теңгені құрап, 3,5 пайызға өсті. Жыл басынан 410 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (12%-ға артты). «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жыл соңына дейін 3 140 пәтері бар 55 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда(3 140 пәтер, 185 мың м2). Білім беру саласында 2 381 ұйым қызмет көрсетеді. 1 381 мектепке дейінгі ұйымдарда 155 мың бала тәрбиеленуде. 2-6 жастағы балаларды қамту көрсеткіші 98,5 пайызды құрады. Жалпы мектеп саны 1 мыңға жетіп (907 – мемлекеттік, 93 – жекеменшік), 515 мың оқушы білім алуда. Облыста өткен жылы 34 мектеп салынып (21 – бюджет, 13 – жекеменшік), биыл жылдың соңына дейін 37 мектепті (20 – бюджет, 17 – жекеменшік) пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша алдағы екі жылда облыста 63 жаңа мектептің құрылысы жүргізілетін болады. «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыс мектептеріне балаларды тасымалдау үшін биыл жаңа 101 автобус лизингпен алынды. 894 мемлекеттік мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 6 млрд. теңгеге жуық бөлінді (бейнебақылау, турникет, қоршау, дабыл түймесі). Бастауыш сыныптағы оқушыларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілді (188 мың бала, 6,2 млрд.тг.). Яғни, биыл бірінші рет осы мақсатта 12 млрд. теңгеден астам қаражат бөлініп, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға бағытталып отыр. Облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында 70 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. Жастар практикасына 3 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 1 мың адам, қоғамдық жұмыстарға 17 мың адам жолданды. Биыл өз ісін ашуға ниетті 1 688 адамға 2 млрд. теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұсыну жоспарлануда (1 адамға 1,4 млн.тг.). Сонымен қатар 594 жасқа 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие ұсынылуда (жалпы 2,9 млрд.тг. бөлінді, 1 адамға 5 млн.тг. дейін).

Бүгінде облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Осыған орай, ауылды жерлерді қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағыттарымыздың бірі. Бір жылда мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын қамтылды. Сондай-ақ, 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды. Осы мерзімде 35 елді мекендегі 55 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылса, бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды, оның ішінде бірнеше жылдан бері тоқтап қалған нысандар бар еді. 2012 жылдан бері күрделі жөндеуден өткізілмеген облыстағы негізгі ірі энергия көзі болып табылатын Кентау жылу орталығында демеушілер есебінен шамамен 500 млн. теңгеге 4 қазандық ағымдағы жөндеуден өткізілуде. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен бөлінген 3 млрд. теңгеге 4 қазандықты қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта жаңа құрылғыларды орнату жұмыстары басталуда.

«Бұның бәрі елдің бірлігі мен ерен еңбегінің, тұрақтылыққа тұғыр болған Ата Заңымыздың арқасында қол жеткізген табыстар. Құрметті жерлестер! Еліміз бұдан әрі дамуы үшін әрбір азамат Әділетті Қазақстан ұстанымын қатаң сақтай отырып, еңбек ете білуі тиіс. Ал мемлекет әрбір азаматтың құқығының қорғалуын қамтамасыз етеді. Қазір елімізде осы екі қағида орындалып жатыр», деді өңір басшысы.

Облыс әкімі биылғы жылдың 7 айында 500 мыңға жуық туристер мен зиярат етушілер келгенін атап өтті. Туристік әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында, қаламыздағы халықаралық әуежайдың рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Түркістан қаласындағы халықаралық әуежайдан былтыр Стамбул және Кувейт бағытына тікелей рейстер ашылды. Қазан айында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласына тікелей рейстердің ашылуы жоспарлануда. Сонымен қатар Мәскеу, Анталья, Тбилиси, Самарқанд қалаларына рейстер ашуға Үкіметке ұсыныс енгіздік. Ішкі бағытта Астана мен Алматыға рейстердің саны көбейтілді. Бұдан бөлек, Президент тапсырмасымен, «Жеті жарғы» заңдар жинағы әзірленген Түркістанға қазіргі таңда ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы талқылаудан өтуде.

 Салтанатты шарада облыс басшысы білім, денсаулық, төтенше жағдай, өрт сөндіру, құқық қорғау саласында еңбек сіңірген, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан марапаттап, облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хатын тапсырды. Сонымен қатар өңір басшысы өңір басшысы Түркістан облысының 5 жылдығы аясында облыс әкімдігінің қолдауымен сәуір-тамыз айлары аралығында аудан, қалалық өнер шеберлерінің қатысуымен өткен облыстық «Өнерлі өлке» өнер фестивалінің жеңімпаздарын марапаттады.

 

Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлде иегері Отырар ауданына «Газель» автокөлігін, жүлделі І орын иегері Шардара ауданына жеңіл автокөлік табыстады. Жүлделі ІІ орын иеленген Мақтаарал ауданы мен Келес ауданы дыбыс жазу студиясына ие болды. Ал жүлделі ІІІ орын алған Түркістан қаласы, Сайрам ауданы мен Сарыағаш ауданына музыкалық аппаратура сыйға берілді. Сондай-ақ 500 мың теңге сыйақысымен облыстық өнер фестивалінің «Әнім сенсің туған жер» арнайы жүлдесімен Жетісай ауданы, «Өнерлі өлке» арнайы жүлдесімен Созақ ауданы «Мәдениетім – мерейім» арнайы жүлдесімен Төлеби ауданы, «Салт дәстүрім – қазынам» арнайы жүлдесімен Бәйдібек ауданы марапатталды.

Салтанатты шарада мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған мамандар ант берді.

Мерекелік іс-шараға облыс әкімінің орынбасарлары, мәслихат депутаттары, облыстық басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, ардагерлер алқасы мен зиялы қауым өкілдері, ҮЕҰ мүшелері, студент жастар, БАҚ өкілдерінен құралған 1000-ға жуық азамат қатысты. Салтанатты шарада облыстың өнер ұжымдары мен әншілері концерттік бағдарлама ұсынып, патриоттық әндерді шырқады. «Қазақстан Дауысы балалар» жобасының финалісінен бөлек Байзақ Еңлік қазақ эстрадасының майталмандары «Музарт» тобы өнер көрсетіп, көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.