Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында мемлекеттің тиімділігін, саяси үдерістің ашықтығы мен бәсекелестігін одан әрі арттыру мақсатында саяси реформаларды жүзеге асыру жұмыстарының жалғасатынын мәлімдеген болатын. Мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту үшін барлық өзгерістердің еліміздің өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, біртіндеп жүзеге асырылатынын атап өтті. Бұл – мықты, әділ әрі озық мемлекет құрудың бірден-бір дұрыс жолы екенін және ел азаматтарының бұл ұстанысты қолдап отырғанын жеткізді.
Осыған орай республиканың Ұлттық экономика министрлігі орталық мемлекеттік органдармен келісе отырып, мемлекетіміздің кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын әзірлеп, оларды Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды.
Аталған заң жобаларына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, қалың жұртшылық, зиялы қауым өкілдері өз пікірлерін білдірді, ұсыныстарын айтты. ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатында екі ай бойы жан-жақты талқыланды. Қоғамның оң бағасын алды. Мемлекет басшысы Заңға қол қойды. Соның нәтижесінде еліміздің ауылдық округтерінде әкімдер сайлауы екі жылдан бері өтіп келеді.
Заңда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес енді бұдан былай аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің сайлаушылары тікелей өздері сайлайтыны айтылған. Сайлау туралы Конституциялық Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда әкімдердің сайлауын өткізу, оларға қойылатын талаптар, әкімдікке кандидаттар ұсыну, ұсынылған кандидаттарды тіркеу, әкімдер сайлауын өткізу, сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау, сайланған әкімдерді тіркеу тәртіптері нақты айқындалған.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жұмыс істеп тұр. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған. Сайлау заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу мәселелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айналысады. Екінші жартыжылдықта өткізілетін ауылдық округ әкімдерінің сайлауын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы әрекеттегі әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және олардың заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталуына дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы ауылдық округ әкімі болып сайлануы үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Бүгінде еліміздің барлық аймағында сайлау комиссиялары өз жұмыстарына кіріскен. Солардың бірі ретінде Түркістан облыстық сайлау комиссиясының барлық ауданда ұйымдастырып жатқан семинар-кеңесін айтуға болады. Мәселен, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 7 қыркүйегінде Отырар аудандық мәдениет сарайының кіші залында Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Отырар ауданында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізді. Оқыту семинарына аудандағы 40 учаскелік сайлау комиссияларынан 80 адам қатысты.
Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілудегі жұмыстар, учаскелік сайлау комиссяларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды. Күн тәртібі бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Д.Елбасы, орынбасары Н.Әбілқасым, хатшысы Ұ.Серікбай, комиссия мүшесі Т.Құлымбетов сөз алы, заң талаптарына қатысты өз ойларымен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинарда облыстық аумақтық сайлау комиссиясы мүшесі Б.Ускенбаев сөз сөйлеп, ауданда өтудегі сайлауларға дайындықтар барысына, оның ішінде ауданда өтетін ауыл әкімдерінің сайлаулары бойынша туындап жатқан ситуациялық сұрақтарға тоқталып, заң талаптары бойынша түсініктемелер беріп, заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесіне кеңінен тоқталды. Оқыту семинарлары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тест тапсырды. Жиын соңында семинар өткізілген ғимараттың 1 қабатында, арнайы жабдықталған сайлау учаскесінде туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талаптары бойынша шешуге арналған тренингтер өткізілді. Жиынға қатысушылар тараптарынан сауалдар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда бұған дейінгі ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәжірибесі өз тиімділігін көрсеткенін де айрықша атап өтті. «Бұл шешім ауыл тұрғындарының, яғни қазақстандықтардың 40%-дан астамының мүдделерін тікелей қозғайды. Біз дұрыс жолдамыз», - деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Айта кетейік, ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар – өзін-өзі ұсыну тәртібімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүзеге асырады.
Әрбір саяси партия бір сайлау округінде бір ғана кандидат ұсынуға құқылы. Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсынылмайды. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдігіне кандидат ұсынған құжаттар негізінде үш күннің ішінде оның еліміздің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтайды. Әкімдікке кандидаттар үшін сайлау жарнасы қарастырылған. Саяси партия ұсынған кандидат үшін партия қаражатынан, ал басқа кандидат өз қаражаты есебінен аудан әкімі аппаратының шотына Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне дейін он күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеу туралы хаттама жасайды және тіркеу туралы хабар жариялайды. Тіркелгенге дейін кандидат және оның зайыбы (жұбайы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына белгіленген тәртіппен және нысанда ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тапсырады.
Ауылдық округ әкімін сайлау жөніндегі дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат жетіден жиырмаға дейін өткізіледі. Учаскелік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелері бойынша дауыс беру хаттамасын жасайды және оны дереу аудандық аумақтық сайлау комиссиясына сайлау материалдарымен бірге тапсырады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.