Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

  • 20.09.2023

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігі жоғары болуға тиіс екенін айта келе, бұдан былай аудан және ауыл әкімдерін тұрғындардың өздері сайлайтынын жеткізді. Осыған орай, биыл елімізде алғаш рет пилоттық режимде республикалық маңызы бар қала және аудан әкімдерінің сайлауы өткізілмек. Биылғы жылдың 11 қыркүйегінде өткен Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңірдегі әкім сайлауы өтетін аудандар белгіленді. Олардың арасында Шардара, Мақтаарал, Бәйдібек және Созақ ауданы бар. 2023 жылдың 5 қарашасында осы аталған аудандарда әкім сайлауы өтеді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жеңіс Мақұлбаев хабарлады.

– Аудан әкімі сайлауына кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылдың 16 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында өтеді. Кандидат ҚР азаматы болуы және 25 жастан төмен болмауы керек. Сондай-ақ, жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары 10 қазан мен 4 қараша аралығында жүреді. Сайланатын әкімнің өкілеттік мерзімі – 4 жыл. Кандидатты саяси партия не азамат өз-өзін ұсына алады, – деді Жеңіс Мақұлбаев.

Жалпы халықтың мүддесі үшін жасалынған бұл бастаманың бұрынғыдан мүлдем өзгеше болатыны анық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Сондықтан, тұрғындар олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Еліміз тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін алдағы сайлауды өз деңгейінде ұйымдастыруға баса көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта облыстың бірқатар елді мекендерінде семинар-кеңестер өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2021 жылдың 25 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Соның нәтижесінде елді мекен тұрғындары ауыл әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.

Заңда  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес енді бұдан былай аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округтері әкімдерін тиісті әкімшілік- аумақтық бірліктің сайлаушылары тікелей өздері сайлайтыны айтылған.  Сайлау туралы Конституциялық Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларда әкімдердің сайлауын өткізу, оларға қойылатын талаптар, әкімдікке кандидаттар ұсыну, ұсынылған кандидаттарды тіркеу, әкімдер сайлауын өткізу, сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау, сайланған әкімдерді тіркеу тәртіптері нақты айқындалған.

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы жұмыс істеп тұр. Құжат 67 түзетуден тұрады. Заң жобасында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент пен ауылдық округ әкімдерінің сайлауын өткізуге қатысты өзгерістер ұсынылған. Сайлау заңнамаларына сәйкес ауылдық округ әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу мәселелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясы айналысады. Екінші жартыжылдықта өткізілетін ауылдық округ әкімдерінің сайлауын аудандық аумақтық сайлау комиссиясы әрекеттегі әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде қырық күн бұрын тағайындайды және олардың заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталуына дейін кемінде он күн бұрын өткізілуге тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы ауылдық округ әкімі болып сайлануы үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Соттылығы бар, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа шатылғандар  кандидат бола алмайды. Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге дейін он бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады. Ауылдық округ әкімдігіне кандидаттар ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар өз мүшелері қатарынан, азаматтар – өзін-өзі ұсыну тәртібімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ауылдық округ әкіміне кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беру арқылы жүзеге асырады.

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

23.10.2023

Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

24.09.2023

Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

23.09.2023
MalimBlocks
Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады:

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Түркістан облысында саяси реформалар туралы мәжілістер өткізді  

Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

Осыдан бір жыл бұрын қазақстандықтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда елімізде қолданыстағы заңның өзгеруін қолдап дауыс берген болатын.

Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды