Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады:

  • 01.12.2023

Сайлау жүйесіне өзгеріс енгізіліп, халықтың мемлекеттік басқару ісіне үн қосуына жағдай жасалды. Жергілікті тұрғындар мен билік өкілдері арасында диалог күшейтілді. Ең бастысы ауылдағы ағайын ауылдық округ әкімін таңдау мүмкіндігіне ие болғаны десем қателеспеймін. Сайлау нәтижесінде Түркістан облысы бойынша 140 ауылдық округ әкімі сайланды. Ал биылдың өзінде 4 аудан әкімінің сайлауы өтті. Саяси жаңғырудың да негізгі мақсаты біртұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру болып саналады. Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін олардың өзін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Әкімдерді сайлау ісі – осы қадамдардың жарқын көрінісі деп білеміз. 

Тағы бір жемісі референдумның өткізілуі дер едім. Референдумнан соң.  Қазақстанның даму тарихында келесі дәуірге жол ашылды. Атқарылған көп жұмыстың нәтижесінде жалпы халықтың референдумға деген қызығушылығы артып, өте жоғары деңгейде белсенділік танытты. Біздің Түркістан облысы дауыс беру бойынша көш бастады. Яғни, сайлаушылардың 70 пайыздан астамы референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Осылайша түбегейлі бетбұрыс жасауға ұмтылысын көрсетті.

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда «Балалар кітапханасы» атты жобаны қолға алуды тапсырған болатын. Елімізге шетелдік кітаптар көптеп келетінін айтып, отандық кітап үлесін арттыру мәселесіне тоқталып өтті:

«Идеология жұмысындағы басты бағыттың бірі – кітап басып шығару ісі. Қазақстан нарығында шетел өнімдері басым екені жасырын емес. Әдеби кітаптардың 90 пайызға жуығы сырттан келеді. Бұл үрдістің салдары қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Ұлттық мүддеге сай келетін кітаптарды көптеп басып шығару өте маңызды. Смартфон баланың қолындағы кітаптың орнын баспауы қажет», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сондай-ақ балаларды ұлттық құндылық негізінде тәрбиелеу үшін сол бағыттағы кітаптарды оқытып, жалпы кітапқа деген қызығушылығын оятудың маңызын атап өтіп, арнайы тапсырма берді.

«Қазір еліміздегі мектеп кітапханаларында 130 миллионнан астам кітап бар. Бірақ ондағы көркем әдебиеттің үлесі мардымсыз. Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек. Бұл қиын мәселе екенін түсінемін. Әсіресе, олардың бар назары әлеуметтік желіде болған кезде, тіпті, қиын. Бірақ бұл мәселемен шұғылдану керек. Басқа жол жоқ. Сондықтан «Балалар кітапханасы» атты жаңа бағдарламаны қолға алуды тапсырамын. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалуға тиіс. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы керек», – деді Президент.

Бұл бағытта облысымызда ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Журыда ғана кітапханамыз республика бойынша озат атанды.

Мемлекет басшысы референдумнан кейінгі өз Үндеуінде референдумнан кейін саяси реформалар жалғасатынын жеткізді.

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн.

 Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет. Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым. Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз, -деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Мен де елімнің болашағы жарқын болатынына сенемін! Оған баршамыз біркісідей атсалысуымыз қажет.

Байланысты жаналықтар

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

23.10.2023

Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

24.09.2023

Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

23.09.2023

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

20.09.2023
MalimBlocks
Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Түркістан облысында саяси реформалар туралы мәжілістер өткізді  

Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

Осыдан бір жыл бұрын қазақстандықтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда елімізде қолданыстағы заңның өзгеруін қолдап дауыс берген болатын.

Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді