Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

  • 23.09.2023

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында сайлау жүйесіне көптеген жаңашылдық енгізілетінін мәлімдегені белгілі. Әлбетте, кез келген саяси жаңғырудың көздеген мақсаты ол – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Осы мақсатта елімізде бейбіт шерулерді ұйымдастыру тәртібін өзгертіп, бұрынғы рұқсат алу қағидаты хабардар ету қағидатына ауыс¬тырылды. Саяси партияларды тіркеу үшін оның мүшелерінің саны жөніндегі талап 40 мыңнан 20 мың адамға азайтылды. Сайлау кезіндегі партиялық тізімде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота қарастыру, парламенттік оппозиция институтын енгізу секілді бастамалар да қолға алынатын болды. Түркістан өңірінде бұл бағытта жүйелі жұмыс атқарылып, сайлаушылардың белсенділігі арта түсті.

Мемлекет басшысы 2021 жылдың 25 мамырында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Соның нәтижесінде елді мекен тұрғындары ауыл әкімдерін тікелей дауыс беру арқылы сайлау құқығын иеленді. Сондай-ақ бұл лауазымға тұрғындардың өзін өзі ұсынуына мүмкіндік жасалды. Бюллетеньдерде «бәріне қарсымын» деген тармақ қосылды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауда Президент аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынды. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үл¬гіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табатын болады. Бұдан былай Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталмақ. Бұл туралы Президент өз Жолдауында:

– Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі, – деді.

Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттар сайлауына да өзгерістер енгізілмек. Соған сәйкес, әрбір өңір Мәжіліске кемінде бір депутат сайлай алатын болады. Түптеп келгенде, бұл өзгерістердің барлығы еліміздегі саяси жүйені одан әрі жетілдіруге және демократияландыруға ба-ғытталған.  Мәселен, аудандық және қалалық мәслихаттарға сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшірілді. Мұндай қадам өз кезегінде жергілікті ортада бәсекеге қабілетті саяси орта қалыптастыруға жол ашып қана қоймайды, халық таңдаған жаңа тұлғалардың саясат сахнасына шығуға мүмкіндік береді. Егер олар  сайлауалды уәдесін орындамаған жағдайда кері қайтарылады. Яғни, жұмсақ креслоға жайғасқаннан кейін халыққа берген уәдесін ұмытқандардың  орнын басқасына алмастыруға болады. 

Қысқасы, халық референдумды қолдады. Соның нәтижесінде сайлау жүйесіне қатысты заңнамаға бірнеше өзгертулер енгізілді. Жергілікті өзін - өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданды. Осының аясында елімізде жүзеге асырылғалы отырған ауыл әкімдерін тікелей сайлау жайлы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде пилоттық режимде сайлау өтетін Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары төрағаларының қатысуымен семинар-кеңес өткізді. Оны облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Т.Мақұлбаев ашып беріп, жүргізіп отырды.

Семинар-кеңесте ағымдағы жылдың 5 қарашасында өтетін Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ, Шардара аудандары әкімдерінің сайлауларын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларында көрсетілген тапсырмалардың мерзімдерінде орындалуы талқыланды. Сонымен қатар, аудандық аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары күнтізбелік жоспарда көрсетілген тапсырмалардың орындалуы жайлы баяндама жасады. Одан кейін облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев және сайлау комиссиясының мүшелері сөз сөйлеп, сайлауға дайындық барысында атқарылуы тиісті іс-шараларға, олардың сапалы орындалуына тоқталды.  Семинарда аудандық аумақтық сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссиялары орналасқан ғимараттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы ұсынған талаптарға сәйкес 2023 жылдың 26-қыркүйегіне дейін жасақтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, семинар-кеңесте облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.М.Әлішев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның талаптарына сәйкес саяси партиялармен ұсынылатын кандидаттарға қойылатын талаптар мен тіркеуге қажетті құжаттар бойынша кеңінен түсініктемелер берді. Қоғамдық бірлестіктер бойынша заңмен жүктелген міндеттерге, оның ішінде байқаушылардың міндеттері мен жауапкершіліктеріне тоқталды. Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдеріне заң талаптарын басшылыққа ала отырып, аумақтық сайлау комиссияларымен тығыз байланыста жұмыс атқару ұсынылды.

Жиын соңында қатысушылардың тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауап берілді.

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

23.10.2023

Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

24.09.2023

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

20.09.2023
MalimBlocks
Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады:

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Түркістан облысында саяси реформалар туралы мәжілістер өткізді  

Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

Осыдан бір жыл бұрын қазақстандықтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда елімізде қолданыстағы заңның өзгеруін қолдап дауыс берген болатын.

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді