Түркістан облысында алты ауылда әкім сайлауы өтті

Осыдан бір жыл бұрын қазақстандықтардың 77,18 пайызы республикалық референдумда елімізде қолданыстағы заңның өзгеруін қолдап дауыс берген болатын.

  • 24.09.2023

Конституцияға енгізілген түзетулер мен өзгерістер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеген-ді. Мұнда ең бастысы, референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетті. Бұл Президент және Парламент сайлауларында анық байқалды.

Жалпы елімізде өте қысқа мерзімде жүзеге асырылған түбегейлі саяси реформалардың қатарында аудан және ауыл әкімдерін сайлау да бар.  Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында:

– Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру.  Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды, – деген болатын. 

Осыған орай, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінле аудан және ауыл әкімдердің сайлауы өткізіле бастады.  Мәселен, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 24 қыркүйегінде Жетісай ауданы, Қарақай және Мақталы ауыл округтерінде, Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округінде, Мақтаарал ауданы Жаңажол және Иіржар ауыл округінде, Сауран ауданы Шаға ауыл округінде әкімдерінің сайлауын өткізді. «Қазақстан Республикасының Сайлау туралы» Конституциялық заңының талаптарына сәйкес ауыл округіндегі учаскелік сайлау комиссиялары таңғы сағат 07.00-ден жұмыстарына кірісіп, сайлаушылар кандидаттарға өз дауыстарын бере бастады.

Бұл сайлау науқаны жайлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Осы оқиғаны еліміздің тарихындағы айтулы белес деп айтуға болады. Негізі, бұл біз үшін стратегиялық мәні айрықша міндет. Азаматтарымыз тұңғыш рет жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болмақ. Біз бұған біртіндеп, жоспарлы түрде келдік. Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі.  Жұрт олардың қызметіне қарап бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды. Сондықтан тиімді мемлекет және әділетті қоғам талаптарына сай болу үшін сайлауды дұрыс ұйымдастыру өте маңызды, – деді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін тікелей сайлау туралы бастаманы 2020 жылғы Жолдауында көтерген болатын. Бұл бастама бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде бұл жұмыс жүзеге асырыла бастады. Президент сайлаудың жүзеге асырып жатқан саяси реформаларға тың серпін береді деп үлкен сенім білдірді. Сондай-ақ тұрғындарды ел басқару және шешім қабылдау үдерісіне тартуға жол ашатынын айтты.

 

Байланысты жаналықтар

Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

01.12.2023

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

23.10.2023

Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

23.09.2023

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді

20.09.2023
MalimBlocks
Түркістан облысында ел президентінің бастамалары нәтиже беріп жатыр

Түркістан облыстық «Farab» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова соңғы екі жылда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан саяси реформаларға көңілі толатынын айтады:

Түркістанға сайлау комиссиясының төрағасы келді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Түркістан облысында саяси реформалар туралы мәжілістер өткізді  

Түркістан облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

Түркістан облысында биыл төрт ауданда әкім сайлауы өтеді