Түркістан. Сайлауға қатысты семинар-кеңестер мен дайындықтар

  • 14.09.2023

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақтан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігін айтқан болатын. Сайлау – қоғамды демократияландырудың маңызды институты, халықтың ерік білдіруінің көрінісі және оның мемлекеттік басқаруға қатысуының негізгі нысанының бірі болып табылады. Білуімізше, дамыған шетелдерде тікелей сайлау кезінде жергілікті атқарушы органның басшысы (әкім) өз сайлаушылары алдындағы жауапкершілікті терең сезінеді. Және бұл оның алдағы жұмысына оң әсер етеді.

Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлауды енгізу бойынша заңнамалық түзетулерді көздейтін Заң жобасын әзірледі. Соған сәйкес ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін арттыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтуге, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді.

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы өңіріміздің түкпір-түкпірінде сайлау өткізудің тәртібі жайлы оқыту семинарларын өткізе бастады. Айталық, ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Келес ауданында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізді. Оған  аудандағы 61 учаскелік сайлау комиссияларынан 122 адам қатысты.

Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындығы, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан

жұмыстар, учаскелік сайлау комиссияларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды.

Күн тәртібі бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Альсеитов, орынбасары М.Мамаев, хатшысы Е.Келесбай сайлауды заң талаптарына сай өткізу жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Махамбетова Гулбала Қосахқызы ауданда өтетін сайлауға дайындық жұмысының барысына, оның ішінде ауданда өтетін ауыл әкімінің сайлауы бойынша туындап жатқан сұрақтар мен мәселелерге тоқталды.

Оқыту семинары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тестілеуден өткізілді.

Айта кетейік, мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көрсетілгендей, біліктілік талаптарына сәйкес келетін 25 жастан кіші емес еліміздің азаматы ауыл әкімі болып сайлана алады. Жалпы сайлау біріншіден, саяси партиялардың өз мүшелері арасынан ұсынған адам, екіншіден, дауыс беруге құқығы бар сайлаушылардың жалпы санының кемінде 1%-іне қол жинау арқылы өзін-өзі ұсынушылар үміткер бола алады. Соның ішінде бір адам бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

Әкім сайлауы 40 күн бұрын жарияланады. Ал сайлаудың өзі қазіргі әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталуға дейін 10 күн бұрын өтеді. Сайлау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде сайлаудың қорытындысы шыға¬рылады. Сайлау өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімді тіркеп, содан кейін ол өз өкілеттігіне кіріседі.

Айта кетейік,  еліміздегі жалпыхалықтық референдумнан кейін маңызды саяси реформалар жалғасты.  Маңызды реформаның мәні туралы Президент өз Үндеуінде ерекше тоқталды.

«Конституциялық реформа бүкіл құқық саласын жаңғыртуға жол ашады. Парламент пен Үкімет Конституцияға енгізілген өзгерістерге сай Заңнамаға тиісті өзгертулер енгізуі қажет. Қазақстанда тиімді құқық қорғау және сот жүйесін құруға мүмкіндік беретін реформалар әзірленуге тиіс. Мұны әлемдік тәжірибені ескере отырып жүзеге асырған жөн.

Біз қоғамның және бизнес өкілдерінің өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға сұранысы арта түскенін көріп отырмыз. Елімізге азаматтар мен кәсіпкерлерді барынша қорғайтын құқық жүйесі қажет. Заңнамада мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейтін ешбір кедергі қалмауға тиіс. Заман талабына сай келмейтін және күмән туғызатын нормалардың бәрі күшін жоюға тиіс. Еліміздің экономикалық ресурстарын шағын ғана топтың қолына шоғырландырып, оларға артықшылық берген заңнаманы қайта қарау қажет.

Елден жылыстатылған қаржыны және заңсыз жекешелендірілген активтерді мемлекеттің иелігіне қайтару жөнінде Мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл үшін мен арнайы Жарлыққа қол қойдым.

Біз адам құқығы мен бостандығын қорғау жүйесін кешенді түрде күшейтуге негізделген бағдарымызды жалғастыра береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.  Бұл бағытта нақты жұмыстар басталып кетті. Сыртқа заңсыз шығарылған капиталдар қайтарыла бастады. Ең бастысы, елдің мемлекет ісіне араласу мүмкіндігі ұлғайды.

Ал «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Алтынсары Үмбетәлиевтің айтуынша, президенттің саяси реформалары саяси партиялардың белсенділігін арттырған.

Оның айтуынша, еліміз дамудың жаңа табалдырығына беттеген жасампаз ел ретінде әлем назарын өзіне аударып келеді. Кейінгі бір жылда елімізде болған саяси өзгерістер, атап айтқанда, Жалпыұлттық референдум, кезектен тыс президент сайлауы, парламент мәжілісі мен жергілікті деңгейдегі мәслихаттар сайлауы, тағы басқа өзгерістер «Жаңа Қазақстанды» бірге құру жолындағы нақты қадамдар.

«Осы бағытта елімізде, сонымен қатар, Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар ұшан-теңіз. Халқымыздың әл-ауқатын көтеруде «Amanat» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды. Түркістан облысында да аса маңызды саяси жұмыстар жүргізілді. Сайлауға бақылаушылар әзірленді, білімдері көтерілді. 2022 жылы өткізілген референдумда өңірде 18 штаб құрылды.  Облыстық, аудандық, қалалық деңгейде партия филиалдары жанынан 500-ге жуық адам тартылды.  Олар 110 мыңға жуық сайлаушыны қамтитын, 1500-ге жуық кездесу өткізді. Әр кездесуде референдумның мәні мен мағынасы түсіндірілді. Нәтижесінде сайлаушылардың 81 пайызы дауыс беруге қатысып, Түркістан облысы республика көлемінде сайлауға қатысушылар санынан бірінші орынға шықты» дейді Алтынсары Үмбетәлиев.

Партия өкілінің сөзіне қарғанда қоғамды қазір ауыл әкімдерінің сайлауы қатты қызықтырды. Өйткені, ауыл әкімдері елмен тікелей жұмыс істейді. 2021-2022 жылдары Түркістан облысында 98 ауыл әкімінің сайлауы өткен.  Сайланған әкімдердің 95%-ы (93-і) «AMANAT» партиясының мүшесі. «Тәуелсіздік – біздің бойтұмарымыз. Тәуелсіздік – талай тар жол, тайғақ кешуден өткен халқымыздың қолына қонған бақыт құсы. Біз бұған дейін мемлекетіміз қол жеткізген табыстарға қаншалықты үлесімізді қоссақ, жіберілген қателіктер үшін де соншалықты жауапты екенімізді терең түсінеміз. «Amanat» партиясы өткеннен сабақ алып, бүгінімізді әділ бағалап, болашағымызға бағдар жасайтын мезгіл жетті деп санайды» деп бастау алатын партиямыздың саяси тұғырнамасы халық игілігіне бағытталған өзгерістерге негізделген.

Бұл ретте Президентіміздің саяси реформалары саяси партиялардың белсенділігін арттырды. Түркістан өңірінің өзінде саяси мәдениет қалыптасып, мықты мәслихаттар жасақталды» дейді Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.