Түркістан: Халық сайлаған әкімдер белсенді жұмыс жүргізуде

Malim Админ

  • 28.11.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 5 маусымында Ата заңға өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша республикалық референдум өткізуді ұсынды. Соңғы рет референдум 1995 жылы өткізілген еді. Тәуелсіздік жылдары туып-өскен ұрпақтың, қазіргі жастарымыздың оның не екенін білмеуі әбден заңды. Осы орайда Төлеби ауданы аумағында референдумды халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында түрлі іс-шаралар, акциялар, челлендждер ұйымдастырып өз үлесімізді қостық.

Бұл референдумда «Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделді. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет етуге тыйым салынды. Референдум Қазақстанның болашағын айқындады. Әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты өз үлесін қоса алды. Бұл, әрине, елдің ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам екендігін Түркістан облысы Төлеби ауданының халқы жауапкершілікпен қабылдап, оң көзқарасын білдірді.

Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да бірқатар өзгерістер болды.  Мажоритарлық жүйе енгізілді.  Бұл жүйе арқылы жастар мен әйелдерге арнайы квота ашылып, жас депутаттар саны артып, халықтың мәселелерін көтеріп шешімін табуда.

Ауыл әкімдерін тікелей халық сайлауын 100% қолдаймын. Себебі ауыл халқы өз ауылына пайдасы тиіп жүрген, көпке көлеңкесі түскен, білімді белсенді азаматтарды таңдап, соған дауыс береді. Оған дәлел осы  жолмен сайланған қазіргі әкімдеріміз, халықтың алғысына бөленіп, нәтижелі жұмыс көрсетуде.

Бүгінгі таңда Жастар ресурстық орталығы аудан аумағында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 8 бағыт бойынша жұмыстар атқарады. Ауданымызда Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жалпы республикалық 2, облыстық 4, аудандық 150-ден астам түрлі іс-шаралар өткізілді.

Биыл Облыстық көшпенділер ойынынан 1 алтын және 1 қола, «Сен талантсың» атты облыстық байқаудан 1-орын, облыстық «Шаттыққа толы шаңырақ» атты отбасылық байқаудан 1-орын, облыстық квест ойынынан 1-орын, облыстық волейбол, үстел теннисі ойынынан 2-орын, облыстық интеллектуалдық ойыннан 3-орын, облыстық «Жастардың қозғаушы күші» атты облыстық семнардан 3-орын иелендік. Саяси көзқарасы сергек, белсенді жастарды игі істерге жұмылдыру жұмыстары жалғасады.

Беглан Мақұлбек,

Төлеби аудандық «Жастар ресурстық орталығы»

КММ-нің директоры

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін