Түркістан. Жаңадан сайланған ауыл әкімінің жұмысына тұрғындар оң баға берді
Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Бәйдібек, Мақтаарал, Шардара аудандарынан кейін Созақ ауданына барды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жүктелген міндеттерді орындау мақсатында елімізде пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу қолға алынды. Аталған саяси науқан аясында Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атқарған жұмысымен танысты.
Оған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы мен Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақұлбаев Жеңіс Тілләбайұлы қатысты. Олар № 693 «Шолаққорған», №694 «Мыңжылқы» учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен танысып, Созақ ауданы АСК, УСК мүшелеріне арналған практикалық семинар-кеңес өткізді.
Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жұмыстармен танысып болған соң Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Мәжитұлы Созақ ауданының жастармен кездесті. Жастармен кездесу барысында ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың іске асырылған конституциялық реформалары мен аралас сайлау жүйесінің ерекшеліктерін, аудандық деңгейдегі әкімдерді сайлау институтын енгізу туралы кеңінен айтып берді. Жастармен әңгімелесу барысында ҚР Орталық саялау комиссиясының төрағасы халықаралық сайлауды байқау тақырыбын қозғады. Ол ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссияларының елде өткен президенттік және парламенттік сайлауды байқау жөніндегі қорытынды есептері туралы да сөз етті. ЕҚЫҰ ұсынған ұсынымдарға берілген отандық ғалымдар мен сарапшылардың бағаларына тоқталды.
Одан кейін Созақ ауданындағы әкімінің сайлауын пилоттық режимде өткізу мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңеске Созақ аудан әкімінің міндетін атқарушы Ақаділ Сатыбалдыұлы жергілікті атқарушы органның сайлаушылар тізімін жасақтау, сайлау учаскелерін жабдықтау және үгіт-насихат орындарын дайындау жұмыстары туралы, Созақ ауданы прокуроры Қожабеков Ержан Базарбекұлы сайлау науқанын өткізу кезеңіндегі заңдылықты сақтау жайында, Созақ аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы , полиция подполковнигі Нұрғазиев Ержан Аманқұлұлы сайлау науқаны және дауыс беру күні құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы, Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ерболат Тұңғышбайұлы сайлау науқаны барысында және дауыс беру күні мүмкүндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету туралы, Созақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әбубәкір Сахиұлы Созақ ауданы әкімін сайлауды дайындау және өткізу туралы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Кеңес соңында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бұл маңызды сайлау науқаны талапқа сай жоғары деңгейде өтуі тиіс екенін атап өтті. Барлық ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктелген деп қортындылады.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров одан әрі іссапары Созақ ауданының Жартытөбе ауылдық округінің тұрғындарымен және жаңадан сайланған ауыл әкімі Жусипов Данияр Елшібекұлымен кездесуімен жалғасты. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімдердің қызметіне оң баға беріп, сайлау жүйесінің кейбір мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Сондықтан, Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында аудан және ауыл әкімдерін сайлауға қатысты жүктелген міндетті көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ауыл тұрғындары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн» деген болатын. Жалпы мұндай бастаманың өз кезегінде еліміздегі реформалардың да табысты жүзеге асыруында маңызы зор болмақ.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.