Түркістанда мәслихаттарға жастар келді

Еліміздегі саяси реформаларды Түркістан облысының тұрғындары оң көзқараспен қабылдауда. Оған саяси науқандардағы белсенділік дәлел бола алады.

Malim Админ

  • 24.05.2023

 Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың жарлығына сәйкес ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша болып өтті.  Жергілікті әкімдіктер дауыс беруге арналған учаскелерді анықтап, референдумға қатысуға құқылы азаматтарды анықтап, тізімін шығарды. Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылының халқы ұйымшылдық танытып, барлығы біркісідей қатысты.

Конституциялық түзетулер  азаматтардың сұраныс-пікірлеріне негізделді және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылды. Қоғам белсендісі ретінде өз басым  заңдағы өзгерістерге көзқарасым оң, себебі заң түзелмей, қоғам түзелмейтіні анық. Жаңа Қазақстанды құруды Президентіміз конституцияға өзгерістер енгізу арқылы бастауы- әділеттілік пен жақсылықтың нышаны деп қабылдадым. Бұл өзгерістің тәсілі өзгеше болды,яғни қарапайым халықтың пікірімен шешілді. Бұл дегеніміз – мемлекет халықты ести бастады деген сөз.

Референдумнан кейін Президентіміз Үндеу жасады.

«Референдум еліміздің тарихындағы маңызды белес болды. Ұлтымыздың шынайы өзгерістерге деген дайындығы мен ұйымшылдығын көрсетті. Дауыс беруге азаматтарымыздың белсенді қатысуы қоғамымыздың кемелдігі мен жауапкершілігін білдіреді. Сайлау учаскесіне келіп, елімізді жаңғырту бастамасын қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Сіздер нағыз патриотизмнің үлгісін көрсетіп, Қазақстанның дәйекті дамуына зор үлес қостыңыздар. Еліміз үшін осы бетбұрысты сәтте заңды құқықтарын пайдаланып, өздерінің ұстанымдарын айтқан бүкіл азаматқа ризашылығымды білдіремін. Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді. Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Үндеуде көтерілген біраз мәселе жүзеге асуда. Әсіресе, сыртқа заңсыз шығарылған капиталдарды, активтерді елге қайтару бастамасы нақты жүзеге асуда.

 Парламент пен мәслихат депутаттарын  тұңғыш рет мажориталдық жүйе бойынша өткіздік. Мен, сайлау округының хатшысы ретінде сайлаудың әділетті өтуіне бастан-аяқ куә болдым.  Қоғамға, халық қалаулылары болып халық өзі таңдаған жаңа тұлғалар, яғни жастар келді. Қазіргі таңда оң шешім өз жемісін беріп жатқандығына көзіміз жетіп отыр.

 Ауыл әкімдерін  де халық өздері сайлады. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихындағы алғашқы көлемді деңгейдегі жергілікті халықтың әкім сайлауы болды. Ел үміті ақталды.

 Өзім қызмет ететін кітапхана саласы да оң өзгерістерден соң жаңашылдыққа бет бұрды. Кітапхана-ұлттың рухани азығы болғандықтан беделі жоғары,қоры бай кітапханалар қатары көбейіп келеді. Жастарды кітап оқуға тарту мақсатында түрлі инновациялық іс-шаралар ұйымдастырып, кітап қорымызды насихаттап, сақтап, келер ұрпаққа табыс ету кітапханашылардың қасиетті борышы деген қасиетті қағидамен жұмыс істеп, кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, Жаңа Қазақстанды құруда өз үлесімізді қосып келеміз. Ендігі мақсатымыз – кітап оқуды мемлекеттік деңгейде насихаттау.

 Нурипа Әлібекова,

Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық кітапханашы

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.