Түркістандықтардың саяси белсенділігі жоғары екені аңғарыла түсті

Malim Админ

  • 20.10.2023

Қазір қоғам өте белсенді. Елдің саяси сауаты жоғары. Соңғы жылы елімізде болған түрлі қиындықтар, сынақтар мемлекетті дамытудағы саясатты өзгерту қажеттігін аңғартты. Ең бірінші кезекте саяси реформалар жасалатыны түсінікті болды.

 2022 жылы 5 маусымда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жаңа Қазақтан құру жолында Ата Заңдағы бірқатар баптар мен заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бүкілхалықтық референдум өткен болатын. Жеке өз басым бұл саяси процестің өту барысына белсене атсалыстым. Еліміздің өңірлерлерінің ішінде Түркістан обылысының халқы да бұл науқанға белсене қатысып, Заңдағы орын алған өзгерістерге оң көзқарас білдірді.

 Осы референдум аясында жүргізілген заңдық нормаларға көңілім толады. Бұл өзгерістер келешекте еліміздің саяси даму бағытына зор серпіліс береді деген ойдамын. Өткізілген референдум барысында азаматтардың сайлау және сайлану құқығына да айрықша басымдық берілген. Атап айтар болсам азаматтар енді бұрынғыдай тек  партиялық тізіммен емес можоритарлық сайлау жүйесі арқылы өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі туды. Бұл өз кезегінде жаңа белсенді жас тұлғалардың бой көрсетуіне жол ашады. Сөзімнің дәлелі ретінде биылғы жылы Наурыз айында өткен Парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау барысында елімізге танымал халық алдында беделді бірнеше тұлғалар мәжіліс төріне шықты.

          Ауыл әкімдерін сайлау  да халықтың мемлекеттің  саяси өміріне араласу ықпалын арттырады. Сондықтан бұл жайтқа оң көзқарастамын.

Өзім басқаратын Отырар аудандық "Жастар ресурстық орталығы" КММ-і аудан жастарының мәдени және спорттық шараларға белсене қатысуын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырады. Атап айтар болсақ, жастар арасында "Жайдарман" ойындары және де жастарымыз облыстық, республикалық интелектуалдық сайыстардан алдыңғы орындардан көрінуде. Жастарды жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру бағытында ауқымды жұмыс атқарылды. Мақсат – белсенді жастар шоғырын даярлап, Әділетті Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосу.

Азамат Досанов,

Отырар ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін