Түркістанның таңдауы – даму мен тұрақтылық

2022 жылы өткізілген референдумды Түркістан халқы жағымды қабылдады. Себебі, еліміз Жаңа Қазақстанның құрылатынына қуаныштарын жасырған жоқ. Алдағы болатын оң өзгерістерге үмітпен қарады.

Malim Админ

  • 10.06.2023

Референдумда халық таңдауының еркіндігі сезілді. Ата Заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Мұнда халық Президент бастамаларына қолдау білдіріп, болашаққа деген сенімін көрсетті. Аталған референдумға отбасымызбен бірге барып өз таңдауымызды жасадық. Біз де болашақ ұрпағымыздың бейбіт, дамыған мемлекетте өмір сүргенін қалаймыз.

Президентіміздің жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялауы елдің көкейінде жүрген сауалдарға жауап болды. Себебі, жердің шетелдіктерге жалға беріледі деген ақпараттары халықты мазасыздандырды. Бұл енгізілген жаңалық біршама көңіл тыныштандырды. Сонымен қатар, енді Мәжіліс алдында жылына екі рет республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп беретін Жоғары аудиторлық палата құрылады. Бұған дейін республикалық бюджеттің орындалуын Есеп комитеті бақылаған. Тағы бір маңызды жайт, елде заң қабылдау тәртібі өзгермек. Қазіргі таңда кез келген заң жобасы алдымен Мәжілісте талқыланып, Сенаттың қабылдауына жіберілетін. Ал енді заңдарды Мәжіліс қабылдайды да, Сенат қабылданған заңдарды не мақұлдайды, не мақұлдамайды. Бұл аталған өзгерістер ел дамуына оң ықпал етеді. Себебі, ақ найзаның ұшымен ата-бабаларымыз енші етіп қалдырған жерімізді өз ұрпағымыз өз игіліктеріне қолдануы керек.

Аралас сайлау жүйесіне көшу – бұл уақыт талабы. Бұл қадам арқылы мемлекеттің тұрақтылығын жаңғыртуға септігін тигізетінін көрдік. Мажоритарлық жүйе туралы Динара Қамзанованың төмендегі пікірінен нақты не екенін ұғынамыз: «Мажоритарлық тәсілде ешқандай партияға кірмейтін, бірақ сайлауға қатысып, көп дауыс жинаған кандидат жеңеді. Осылайша, Парламенттің төменгі палатасына жаңаша көзқарастағы, жергілікті тұрғындар таңдаған және аймақтың барлық проблемаларына қанық депутат сайланады. Жалпы аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, еліміздің жаңғыру үдерісін ілгерілетеді деп сенемін». «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Яғни, партия құрамына енген әйелдер гендерлік мәселелерді шешуге атсалысып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлерінің 50 пайызын, Парламенте 26 пайызын, ал кейбір облыстық мәслихаттарда 25 пайызын әйелдер құрайды. Ауыл әкімі болған әйелдер саны да артып келеді.

2020 жылғы Жол­дауында Мемлекет басшысы ел­дегі әлеуметтік және саяси мә­селелерге кеңінен тоқталғаны мәлім. Соның ішінде ауыл әкімдерін сайлау ту­ра­лы бастамасы қоғамда қызу талқыға түсті. Бұған дейін елді мекендердің басшы­лары тікелей дауыс беру арқылы сай­ланбаған. Сондықтан ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қыз­метке келуіне қатысты сұраныс артқан. Бұған дейін ауыл әкім­дері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының ше­шімі арқылы сайланып келген. Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықталуда.  Негізінде ауыл әкімін тағайындау демократиялық өзгеріске жол ашады. Сондай-ақ халық өзі жақсы танитын, етене араласатын адамды сайлады. Яғни керек сәтінде қолдап, кез келген уақытта арыз шағымын айта алады. Ауыл әкіміне сол аймақтан шыққан немесе сол өңірге қатысы бар адам сайлануға тиіс. Яғни елді мекеннің ерекшелігі мен ахуалынан хабардар үміткер ғана ауылды дамытуға мол үлес қоса алады. Бұл да өз кезегінде халыққа оңтайлы болмақ. Облыстың түкпір-түкпірінде ауыл әкімдері сайланып жатыр. Менімше, бұл өте дұрыс қадам.  

  Өзімнің салама тоқталсам,  Жамбыл ауылдық кітапханасында 1996 жылдан бері қызмет етіп келемін. Кітапхана пайдаланушының рухани дамуына, ұлттық мұралармен танысуына,жеке адамның өзін жан жақты жетілдіруіне алғышарттар жасайтын еркін ақпарат кеңістігін құруға ықпал етуді іске асыруда. Осы жылдар ішінде «Мен өз ісімнің маманымын» атты ОКЖ және мәдениет үйі ұжымы ұйымдастыруымен Бөржар мәдениет үйінде өткен байқауда ІІ орын иелендім. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Ауыл болашағы-жастардың қолында» марафоны аясында М.Әуезовтың «Абай жолы» романы желісі бойынша талдауға кітапхана оқырманы М.Бекбол қатысып, аудандық байқауда І орын, облыстық байқауда ІІ орын иегері атанды. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ф.Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы бойынша облыстық жастар орталығы және А.Пушкин атындағы облыстық кітапханасының ұйымдастыруымен өткен көркемсөз оқу байқауының бас жүлдегері М.Бекбол туралы басылымдарда жарияланды. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы бойынша «Тарихын танытқан тұлға» атты облыстық шығармалар байқауында Мәриям Бекбол ІІ орын иеленді. Бұл бір ғана оқырманымның жетістігі. Сондай-ақ аудандық, аумақтық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған Б.Құраш, Р.Шырынова, Г.Қамысбаева, М.Жайлаубек, Ш.Ерсінәлі оқырмандарымды мақтанышпен айта аламын.

 «Туған жерге тағзым» акциясы аясында кітапханаға Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, «Еңбек даңқы» төсбелгі иегері, «Ардақты ардагер» журналы бас редакторының орынбасары,жерлес ақын,жазушы Атанбек НАУРЫЗ Айтбайұлының демеушілігімен шыққан «Шаңырақ» елтану,рухани-мәдени және әдеби, ақпараттық альманахтың 4 басылымы кітапханаға берілді. Онда Ұлы Отан соғысына өз ауылымыздан қатысқан ардагер аталарымызбен, еңбек ардагерлерімен және ауыл тарихымен қоса қазіргі болып жатқан ауыл жаңалықтары таныстырылады. Журналдың әр басылымында  35 данасы кітапханада оқырмандарға және Ордабасы аудандық орталық кітапханаға, Бөржар ауылдық кітапханасына сыйға берілді.Мен журналдың жауапты хатшысымын

2022 жылы «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталдым. «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» қандай тамаша айтылған десеңізші, 1998 жылы кітапхана қысқартуға ұшыраған кезде 2003 жылға дейін кітап қорын көздің қарашығындай сақтап, оқырмандарға керек кезінде қызмет көрсетуім кітапқа деген махаббатым деп білемін. Осы ретте әріптестеріме алғысым шексіз. Елді дамытуға өз салалары бойынша үлес қосуда.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы наурызда халыққа арнаған Жолдауында аралас сайлау жүйесін енгізуді ұсынғаны белгілі. Мұндай пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табатыны анық. Соған сай Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталмақ.

«Партияда жоқ азаматтар Мәжіліске ғана емес, жергілікті өкілді органдарға да сайлана алмайды. Мұны ашық мойындауымыз керек. Соның салдарынан халықтың сайлау науқанына қызығушылығы күрт төмендеді. Сайлауды керек қылмайтын адамдардың қатары көбейді. Олар өздерінің дауысы маңызды екеніне, ел өмірін жақсартуға ықпал ете алатынына сенбейтін болды. Ашығын айтсақ, қазір жұрт депутаттарды аса тани бермейді. Осындай жағымсыз жайттарды ескере отырып, мен аралас сайлау жүйесіне кө­шуді ұсынамын. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы толық ескеріледі», деді Мемлекет басшысы өз Жолдауында. Жолдаудағы осы бастама толығымен жүзеге асып жатыр. Ауыл әкімдерімен бірге аудан әкімдері де сайланды. Бұл – саяси реформалардың қағаз емес, іс жүзінде жүзеге асқанының белгісі.

 Шынтай Айжан,

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

 

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.