Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазалар күшейтілді.

  • 26.04.2023

 

Қылмыстық кодекске енгізілетін өзгерістер мамыр айында, әкімшілік жазаға қатысты түзетулер мен өзгерстер шілде айында күшіне енбекші.

Нақты деректерге сүйенсек елде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілер саны күннен күнге артып келеді. Адам өміріне қасақана қауіп төндіріп, денсаулығына зиян тигізушілерді заң алдында жазаланатыны белгілі. Бүгінгі таңда тқрмыста зорлық-зомбылыққа ұшырағандар басына қауіп төнген кезде дереу полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгініп, көмек сұрайды, бірақ полиция қызметкерлері келгеннен кейін агрессорлар қарсы арызды жазудан айнып, бас тартып қалатындар жиі кездеседі. Өткен жылы осы жағдайлармен полиция қызметкерлерін 70 мың рет шақырылған. Дегенмен арыз жазудан бас тартып, арыз жазылмаған.

Тәртіп сақшылары келіп, жағдайды түзеткенімен артынша жанжал одан әрі күрделеніп, отбасындағы жанжал өршіп, адам өміріне қауіп төніп, ол ауыр жағдайларға әкеліп соғып жатады. Сол себепті, енді арызсыз әкімшілік іс қозғауға шешім қабылданып отыр.

Сондай-ақ «қазір әкімшілік хаттама толтыру үшін, көршілер мен бейне бақылау камераларындағы жазбалары негізге алынып, куәлардың айғақтары да ескеріледі және соңғы шешімді сот қабылдайтын болады», -деді Әкімшілік полиция төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров.

Отбасындағы жанжал, зорлық зомбылықтан іс сотқа жіберіледі. Бірақ сотта көп әйелдер агрессорлармен мәмілеге келіп, татуласып жатады. Оларға туыстары тарапынан қысым да жасалып, арызын қайта алуға көндіретін жағдайлар да кезеседі. Өткен жылдың ішінде отбасылық жанжал бойынша 47 мың әкімшілік әс сотқа жіберілген. Оның 20 мың ісі екі жақтың татуласуына байланысты тоқтатылған. Қазіргі таңда енді, сотта бір рет қана татуласуға мүмкіндік берілетін болды. Осыдан кейін отбасындағы жанжал күшейіп не болмасы қайталанса, әйелі кешірім жасаған күннің өзінде агрессорды жауапқа тарту көзделіп отыр.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін -5 не 10 тіпті 15 тәулікке дейін, ал соттар 1 не 5 тәулік ішіне шешім шығарады.

Әкімшілік кодекске енген түзетуге сәйкес, енді заң бұзған адам ескерту алады, не болмаса 5 тәулікке қамалады. Заң бұзушылықты қайталаған жағдайда 10 тәулікке қамау қарастырылған.

Ұрып-соққаны үшін-10 тәулікке, денсаулыққа зиян келтірсе-15 тәулікке, қорғау нұсқамасын бұзушыларға бірден 10 тәулікке, жүріп-тұруға байланысты талапты бұзғандарға айыппұл төлетпейді,10 тәулікке қамауға алынады. Егер осы заң бұзушылықтар бір жылдың ішінде тағы қайталанған жағдайда қамау мерзімі ұзарады.

Қылмыстық кодекстің баптарына  десаулыққа зиян келтіруге байланысты саралау енгізіліп отыр. Ол «кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділігі бар адамға қатысты іс-әрекет жасау» деген қарастыру енгізілді.

Осы өзгерістер мен саралаудың нәтижесінде қылмысты шағын ауырлықтар орташа ауырлыққа ауыстырып, қылмыскерді камераға алып, жауапкершілікті күшейту үшін мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Сондай-ақ қылмыстық кодекс заңы бойынша денсаулыққа қасақана зиян келтірген жағдайда агрессорға 3 жылдан 8 жыл арасында ал қылмысты екі немесе оданда көп адамға жасалған жағдайда 6 жыл мен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, қамауға жабу көзделген.

2023 жылы 16-наурызда  Парламент депуттары тиісті заңды қабылдап, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оған қол қойды.

Сондай-ақ, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы түзетулер 1 шілдеден, ал, қылмыстық құқықбұзушылыққа енген өзгерістер 19 мамырдан бастап күшіне енеді.

Осы өзгерістердің қабылдануы отбасындағы агрессорлардан қорғалып, азаматтарымыз заң жүзінде өзіне көмек алуға мүмкіндіктерін күшейтеді деп сенеміз. Әрбір азамат өз құқығы мен жеке басының шекарасын қорғай алуға жағдай жасап,заң жүзінде сауатты болуы тиіс. Елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары көбінесе әйел азамттары. Көбіне күйеуінен көрген қорлыққа көз жұма қарау, кейін жағдайдың тіптен өршігуі мен қиын жағдайға оның ішінде адам өліміне дейін алып баруға дейін апаратыны анық.

Біздің мемлекетіміздің басты байлығы-адам және оның құқығы екенін естен шығармаған жөн.

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.