ҰБТ-ға Менделеев кестесін пайдалануға рұқсат берілді

Ұлттық біріңғай тестілеу бұл – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының басты нысаны. Сондықтан, онда оқушылардың өзін көрсетуіне барынша мүмкіндік жасалғаны керек. Әйтпесе, әр түрлі жағдайларға байланысты оқушылар өздерінің мүмкіндігін толықтай аша алмайтын жағдайлар жиі кездесіп жатады.
Ең бірінші мәселе, оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеу жақындаған сәттен бастап үлкен психологиялық қысымда болады. Артта үміт күтіп отырған ата-ана, алда жауапты кезең. Сондықтан, оқушылар барынша дайындалуға тырысады. Дегенмен, кейбір мәселелер қосымша күш түсіруі мүмкін. Өзі де ойын толық жинақтай алмай отырған адамға бұл мәселе қолбайлау болуы әбден мүмкін.
Бұған дейін бірнеше мәрте айтылған бір мәселе өз шешімін оңынан тауыпты. Оқушылар ұлттық бірыңғай тест тапсыру емтиханына бұдан былай Менделеев кестесін алып кіре алады. Әрине, бұл осы кестеге қатысы бар мамандықты таңдаған оқушыларға қатысты екені айтпаса да түсінікті. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев хабарлады. Ұлттық тестілеу орталығы емтиханға кіргізілетін арнайы кесте де жасатып қойыпты. Оның да себебі бар, оқушылар тестке кірер есіктің алдында ғана өзіне керекті кестеге қол жеткізе алады. Бұл тестілеудің таза, әділ өтуіне мүмкіндік береді. ҰТО басшысы Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесіп, біз айтып отырған Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.
«Баршаңызға мәлім, «Химия» пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі. Алайда, түлектер оның қағаз нұсқасын пайдлануға рұқсат сұрады. Осыған дейін айтқанымдай, біз 2023 жылғы ҰБТ-да тестіленушілердің қалауы бойынша кестелердің қағаз нұсқасын беру туралы шешім қабылдадық», - деді Руслан Емелбаев.
Ұлттық тестілеу орталығының директоры талапкерлер кестенің электрондық және қағаз форматын қолдауға мүмкіндіктері барын айтты. Ескеретін бір жайт,тестілеу кезінде талапкерге кестенің қағаз нұскасын тест әкімшілері ҰБТ-ның өтіп жатқан уақытында беретінін айтты.
Сондай-ақ, тестілеу кезінде барлық тест тапшырушы талапкерлерге арналған компьютер экранында «Математикалы сауаттылық», «Информатика», «Физика», «Математика», «Химия», «География» пәндері бойынша есптерде шешу мақсатында калькуляторлар қолжетімді болады.
ҚР Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтің айтуынша ҰБТ-ны ақылы тапсырудың тағы 3 әрекетін ескерсек, онда 2023 жылы талапкерлер тестілеуді 5 рет тапсыруға мүмкіндіктері бар.
Министрлік негізгі емтиханның барлық жаңалықтарын оқу жылының басында, қыркүйекте жариялаған болатын. Бұл талапкерлердің назарын аудартып,ҰБТ-ға жақсы дайындалуға мүмкіндіктер береді деп сенеміз.
Ал, жалпылама тестілеудің форматы еш өзгерген жоқ. Тестілеуге кіретін пәндер саны да сол қалпында өзгеріссіз қалады. Дегенімен, «Қазақстан тарихы» мен «Оқу сауаты» пәндері бойынша тест тапсырмаларына өзгерістер енді. «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады. Сонымен қатар бұрындары талапкер «оқу сауаттылығы» бойынша 20 сұраққа жауап берген болса, енді 3 мәтін бойынша 15 тест тапсырмасын орындайды. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеуге негізгі берілетін уақыты 4 сағатты құрайды. Ерекші білім беру өажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут беріледі.
2022-2023 оқу жылынан бастап ҰБТ пәндер комбинацияларының қатарына «Информатика» пәні енді.
Осы қабылданған шешімдер бойынша талапкерлер өз білімдері мен біліктіліктерін көрсетеді деген сенімдеміз. ҰБТ-ға дайындалу үшін көптеген онлайн тестілеу түлектер үшін қолжетімді.
Академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында «1 компьютер 2 камера – 1 тестіленуші» қағидаты қатаң сақталатынын. Компьютерлік экранда тестілеу кезінде калькулятор, периодтық кесте мен тұздардың ерігіштігі қолжетімді болатынын Руслан Емелбаев тағы еске салып өтті.
Жалпы, соңғы жылдары ҰБТ-ға байланысты келеңсіз оқиғалар көбейіп кетуіне орай, оқушыларға тәртіп қатаңдатылғанымен қатар, бірқатар жеңілдіктер де іске асып жатыр. Соның ең негізгісі оқушылардың ұлттық бірыңғай тест емтиханын бір мәрте ғана емес, екі мәрте тапсыруға мүмкіндік алуы. Ертеректе ондай мүмкіндік жоқ болатын. Оқушылар асса аппеляциялық шағым түсіре алатын. Ал, қазір өз жинаған балына көңілі толмайтын оқушы екінші мәрте мүмкіндігін сынап көруіне болады. Бұл да өсем деген, оқуға түсем деген жас қанат талапкерге берілген үлкен мүмкіндік. Мемлекеттік емтихандардың бәрінің мақсаты шын жүйрікке тұсау салмай, солардың өзін көрсетіп, топтан озып шығуына мүмкіндік берілуге тиіс. Мемлекеттік саясаттың негізгі ұстанған бағыты да осы болуға тиіс.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.