Ұлт ұстазына арналған сайт педагогтар үшін де маңызды

Baitursynuly.kz сайтында Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлігі мен мұралары толықтай енгізілетін болады. Демек, бұл бүгінгі қазақ мұғалімдерінің ең көп пайдалануға, кіріп оқуға тиіс ғылыми порталға айналуға тиіс.

  • 10.02.2023

 

Соңғы жылдары Қазақстанда мұғалім мәртебесін көтеру туралы шаруалар кешенді түрде жүріп жатыр деуге болады. Мұғалімдердің жалақысы көтерілді, қосымша жұмыстарға жегуге тыйым салынды, білім сапасын арттыру бойынша түрлі мүмкіндіктер қарастырылып жатыр. Өйткені, мұғалім – болашақ ұрпақты тәрбиелеуші тұлға. Мағжан Жұмабаев айтқан «Алты Алаш бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген сөзі ешқашан құнын жоймайтын, мәңгілік сөз. Бұл мәселеде идеологиялық мәселе алдыңғы орында болуға тиіс. Өйткені, ұстаздың еңсесі тік, білімі кемел болғанда ғана ол өз шәкірттеріне білім беріп қана қоймайды, үлгі болады.

Былтырдан бері бүкіл қазақ даласы «Ұлт ұстазы» деген сөзді жиі естіді. Көп жазылды, көп таспаланды. Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы. Бұл идеологиялық құрал ретінде де қарау керек. Себебі, ұлт ұстазының қандай қайраткер болғанын, қаншалықты жан-жақты болғанын осы күнгі ұстаздық жолды таңдап алған мұғалімдер қауымы біліп қана қоймай, терең сезінуі керек. Өздеріне темірқазық ретінде үлгі тұтатын ең басты тұлға – қазақ үшін жан қиған, қазақтың заманауи ғылымын жолға салып кеткен, бүкіл қазақ интеллигенциясына басшы, ұстаз болған Ахмет Байтұрсынұлының мұралары мен оның өмірін зерттеу ешқашан тоқтауға тиіс емес. Сонда ғана бүгінгінің ұстазы биікке ұмтылады, өзіне үлгі тұтқан адамның деңгейіне жетуге талпынады. Ұстаз – 45 минут сабақ өтуші адам ғана емес, елінің ертеңі үшін қандай кезде де тоқталып қалмайтын тұлғаға қарата айтылатын сөз.

Иә, Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын тани түсу үшін атқарылған шаруалар аз емес. Фильм түсірілді, сериал түсірілді, қаншама деректі материалдар, кітаптар шықты. Енді сол істердің жалғасы ретінде Астана қаласында «baitursynuly.kz» сайты ашылды. Сайттың ашылуы кең көлемде аталып, ұлт ұстазының қазақ, ағылшын, түрік және орыс тілдерінде тұңғыш рет жарық көрген таңдамалы шығармаларының тұсауы кесілді, сонымен қатар, ғылыми экспедицияның «Алаш қозғалысы: дерек пен дәйек» атты қорытынды жинағы жарық көрді.

Бұл іс-шараның ұлт ұстазына қатысты тағы бір мерейлі датасы Ахмет Байтұрсынұлы бас болып Алаш арыстары шығарған «Қазақ» газетінің 110 жылдығына орайластырылыпты. Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық-ғылыми практикалық орталығы ұйымдастырған шараның шымылдығын Орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов ашып беріп, ұлт ұстазын ұлықтау бүгінгінің ең басты мақсаты болуы керек екенін, ұлы ғалымның кейінгі ұрпағына қалдырған асыл мұрасы – барша халқымыздың баға жетпес құнды байлығы дейді.

«Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің бастауында тұрған тұлға ретінде отандық баспасөздің одан кейінгі дамуына кең өріс ашып берді. Ұлт ұстазының өнегелі өмір жолы – Отанға адал да қалтқысыз қызмет жасаудың өшпес үлгісі. Алаш арысының есімін мәңгі есте сақтап, оның жасампаз ісін жалғастыру – біздің борышымыз», - деді орталық директоры.

Аталған іс-шара барысында «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды. Бұл көрме тек бір шарада ғана емес, Қазақстанның барлық мектептерінде өтуге тиіс.

Аталған сайтта Ахмет Байтұрсынұлының қайраткерлігі мен мұралары толықтай енгізілетін болады. Демек, бұл бүгінгі қазақ мұғалімдерінің ең көп пайдалануға, кіріп оқуға тиіс ғылыми порталға айналады деген үміт мол. Бұл тек ғылым мен білімді жетілдіруге ғана емес, мұғалімдердің өткенді ой сүзгісінен өткізіп, заманды тану, дүниетанымын кеңейтуге де зор ықпал етеді. Сайттың басты бетін ашқан сәттен көзге бірден көрінетіні – «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы деген жазу. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ұлтқа, мемлекетке, білім мен ағарту ісіне қатысты қанатты сөздері басты бетте тұр. Одан бөлек арнайы айдарлар арқылы Байтұрсынұлының хаттары, құжаттары, т.б. берілген. Бір үзінді келтірсек, Ахмет Байтұрсынұлыны Жанша Досмұхамедовке жазған «Жауап хат» атты жазбасында былай дейді:

«Құрметті Жанша мырза! Сіздің де, біздің де ойлағанымыз қазақтың азып-тозбас қамы. Сіздің де, біздің де ниетіміз қазақтың азып-тозбасына қызмет ету. Тілегіміз қазақ қалқы басқа қалықтармен қатар жұрт қалпында ғұмыр шегуге басқаларға теңелсе екен деген. Сол үшін әркім білгенін, қолынан келгенін істеп жатыр. Сіз сиез жасаймын деп жатырсыз, біздер «Домострой»… кәкір-шүкірді қазақшаға аударып, арзан рисалалар жазып, газета-мазета шығарған болып тырбанып жатырмыз. Соның бәрін қазақтың көзі ашылып, көкірегіне сәуле кіруіне себепкер бола ма деп істеп жатырмыз. Орыстың мақалы айтқандай «ұжмаққа барғым келсе де күнәләрім жібермейді» деп, қазақ үстіне ұжмақты бір күнде-ақ орнатқым келеді, бірақ қолымнан келмейді. Арзан рисалалармен қазақ жұмысы бітті деп, «гүл жастанып» көсіліп, рақаттанып қарап жатқаным жоқ, білгенімше, қолымнан келгенінше істеп жатырмын».

Бұл бүгінгі ұстаздарға қойылатын талаптың жүгінің қаншалықты зор екенін көрсетеді. Елімізде мұғалімдерге үлгі ретінде көрсететін тұлғаларға арналған порталдардың көптеп ашылуы – елімізде педагог мамандардың мәртебесін көтеруге, педагогтарға деген құрметті өсіруге ықпал етері сөзсіз.

 

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.