Ұлттық кеңестің отырысы өңірлерде де өту керек

Malim Админ

  • 17.02.2020

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Еуразиялық интеграция институтында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жарты жылдық жұмысы талқыланды. Бұл туралы МӘЛІМ сайты хабарлайды.

Жиында сарапшы Бауыржан СЕРІКБАЕВ «Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу» атты сараптамалық баяндама жасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырыстарында қандай проблемалар айтылды? Қандай шаруалар атқарылды деген мәселеге тоқталсақ. Қазіргі қоғамда аса маңызды мәселе бейбіт жиын өткізу туралы заң жобасы. Бұл заңнама барша халықтың талқысына өткізу үшін БАҚ-тың бетіне жарияланды. Енді кез-келген ел азаматы өз ойын ортаға сала алады. Парламенттегі депуттарға жетпей қоғам мүшелері ұсыныстарын енгізіп, өзгерте алады. Яғни халықтық заңға айналдыруға әбден болады деген сөз. Сонданк ейін партиялар туралы заң. Бұрын саяси партия құру үшін қырық мың қол жинау керек болса, жаңа заңға сәйкес жиырма мың адамның қолы жетіп жатыр. Құқық қорғаушылар мен саясаткерлер тарапына көп сынға ұшыраған қылмыстық кодекстің 174 бабы (Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру) қайта қаралды. Яғни қылмыстық жаза әкімшілік жазаға алмасу жолы қарастырылып жатыр. Парламенттен оппозициялық партиялардың болу керек деген мәселелер де айтылды», - деді Бауыржан Серікбаев.

Еуразиялық интеграция институты директоры, саясаттанушы Ерлан САИРОВ былты ғана құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне халықаралық ұйымдардың қолдауын, оңды көзқарасын айтып өтті.

«Былтыр ғана құрылған бұл институтқа (Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін) Біріккен Ұлттар Ұйымы мен АҚШ-тың мемлекеттік департаменті оң бағасын беріп отыр. Қазақстанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне деген түрлі көзқарастар мен пікірлер жоқ емес. Қолдайтындар да бар, қолдамайтындар да бар. Бұндай тенденция демократиялық елде қалыпты жағдай. Ұлттық кеңес азаматтардың мемлекет жұмысына тікелей араласуына, шын мағынасындағы сөз бостандығы мен еркіндкке деген адымды аша түсті. Бірақ жұмыс бір оырнда тұрып қалмау тиіс. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысын арттыра түсуіміз қажет», - деді Ерлан Саиров.

Мамандар соңғы жылдары Қазақстанда азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсенділігі артқанын айтады. Ол былтыр өткен президенттік сайлау, елдегі әлеуметтік саладағы өзгерістер кезінде байқалды. Ерлан Саировтың кеңес жұмысын жандандыра түсу керек деген пікіріне орай Бауыржан Серікбаев ендігі жиындарды аймақтарда өткізу қажет екенін айтты.

«Сын барлық кезде болды. Бола да береді. Одан қашуға болмайды. Ендігі отырыстарды өңірлерде өткізу керек. Алыс аймақтарда естімеген проблемаларымыз бар.Мысалы Қордай оқиғасы. Бір өңірдегі мәселені сол жерде талқылаған абзал», - деді сарапшы.

Ұлттық қоғамдықс енім кеңесіінң мүшесі, Байтақ болашақ экологиялық альянс жетекшісі Азаматхан ӘМІРТАЙ сарапшы сөзін жалғай түсті. Оның да пікірінше аймақтар да қордаланға проблемалар жеткілікті. Мәселен жергілікті мәслихаттар жекешеленіп кеткен.

«Президент парламентте оппозицияның болу керектігі туралы жақсы айтты. Егер оппозиция мажілісте, мәслихатта болмаса бәрі бәз қалпында қалады. Өңірлерде әкімдіктер мен мәслихат депутаттар елдің сөзін құлағына іліп отырған жоқ.Мәслихаттарда әкімдіктерге ыңғайлы адамдар жайғасып алған. Кәсіпкерлер мен зейнеттегі шенеуніктердің мекеніне айналған», - деді Азаматхан Әміртай.

Сондай-ақ, жиында президент жанына құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысы үш айда бір емес, айына бір рет өткізіліп тұрса деген тілек айтылды.

Мадияр ТӨЛЕУБЕК

Фото: egemen.kz

 

Байланысты жаналықтар

«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

08.06.2023

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

08.06.2023

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

07.06.2023

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

31.05.2023

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023
MalimBlocks
«Қазақстан барысы» Жоламановтың ағасы  43 млн қарызын қайтармай жүр  

Сот процесі кезінде Қамабеков ондай қолхатты мүлде жазбағандығын айтып, Жоламановтың сөзін теріске шығарған

Н.Әлтаев А.Мырзахметов ісі бойынша күдікті деп қамауға алынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таңертең бұрынғы депутат Нұржан Әлтаевқа қозғалған қылмыстық іске байланысты хабарлама таратты.

«Воды!»: Жители Астаны докричались до Токаева

Жители Астаны, накануне перекрывшие одну из городских улиц в знак протеста против отключения воды, докричались до самого президента. В среду, 7 июля, Касым-Жомарт Токаев принял акима города Жениса Касымбека.

Последний звонок: почему не спит Гани Бейсембаев?

Родители школьников, недовольные увеличением учебного года до 31 мая, не дают покоя министру просвещения Гани Бейсембаеву. Круглые сутки его ведомство мониторит социальные сети, чтобы понять, что делать с переносом последнего звонка дальше.

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған