«Ұлттық қор – балаларға»: Қаражатты қалай алуға болады? 

Жыл сайын жеткіншектердің шотына қаражат аударылады

Malim Админ

  • 14.02.2023

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы іске қосылады.   Жоба аясында жыл сайын қаңтарда жеткіншектердің шотына қаражат аударылады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты. 

Атап айтсақ, Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. 

 «Алдын ала бағалау бойынша мұндай тәсіл осы бағдарлама аясында туғаннан бастап қамтылатын балаға жыл сайын 150-160 АҚШ доллар көлемінде 18 төлем алуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тәжірибені ескере отырып, жоба операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы айқындалады», - деді вице-министр.

 Бұл тұрғыда бала жинақтарының болжамды сомасы шамамен 3 500 АҚШ доллары болуы мүмкін. 18 жасқа толғанға дейін ақша Ұлттық қорда қалады және инвестицияланады.   

«Бала өмірге келген кезде шоттар Әділет министрлігінің жеке тұлғалар дерекқорының ақпараты негізінде автоматты түрде ашылады. Жыл сайын 1 қаңтарда бала 18 жасқа толғанға дейін шоттарға қаражатты шартты түрде есептеу жүргізіледі», - деді Д. Темірбеков.  

Шотта жинақталған қаражатты 18 жасқа толған азаматтар ғана пайдалана алады.        

 

Байланысты жаналықтар

Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

19.05.2025

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

19.05.2025

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

19.05.2025

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

06.05.2025

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

25.04.2025

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі

25.04.2025
MalimBlocks
Қазақстандық блогерлер салық төлей бастады

Орталық Азия: Геосаяси жағдайдағы Қазақстанның рөлі

Шетелдік капитал иелері алдымен Қазақстанның соңғы жылдардағы сыртқы іскерлік байланыстарына назар аударады

Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қанша бөлінді?

Колледждерге берілетін қаржы екі есе артады

Еліміздегі жерлеу қызметі қымбаттады

Ұлытау облысында кәмелет жасына жетпей тұтқында болғандарға төлем беріледі