Халық сенімі – басты құндылық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елге ұсынған референдумында көтерілген мәселенің бірі іс жүзінде жүзеге асып, елімізде аудан, қала әкімдерінің сайлауы өтіп, ел өз таңдауларын жасады. Осы ретте Түркістан облысындағы 4 ауданда: Созақ, Мақтаарал, Шардара және Бәйдібек аудандарында әкім сайлауы өтті.
Жалпы, сайлау – саяси науқан. Халық қашанда әділ сайлау мен әділетті сенімге иек артқан. Сол арқылы өзінің де болашақ баянына сенімділік тұғырын орнықтырған. Жаһандық жылнамаға көз салсақ, осындай аса маңызды сәттерде көп елдің халқы басшысына үміт артып, береке-бірлікті ту етіп ұстанып, ынтымақтың ырысқа бастайтынын терең түсінген.
Халық дер кезінде дұрыс және саналы таңдау жасау үшін елдің саяси өмірін мұқият қадағалауы қажет. Бұл - президент сайлауына да, аудан мен ауыл әкімдерінің сайлауына да қатысты ұғым.
Қазақстанда ауыл, аудан әкімі болуға кез келген азамат өзін ұсына алады. Бұған дейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «биыл ауыл, аудан әкімдерін халық өзі сайлайды, онда барлық партиялардың ұсыныстары ескеріледі және болашақта да оны назарымызда ұстаймыз» - деп мәлімдеген болатын.
Түркістан облысында 2023 жылдың 5 қарашасында пилоттық режимде өткен 4 аудан әкімінің сайлау қорытындысына қарасақ, екі аудан әкімі орынтағын босатса, екеуі қайтадан ел сеніміне ие болды. Бәсеке мен сайлаушылардың белсенділігі де жоғары болғанын байқаймыз. Мәселен, Бәйдібек ауданы бойынша сайлауға 3 кандидат қатысқан. 28 мыңға жуық сайлаушының жартысынан көбі, яғни, 17 мыңдайы келіп, дауыс берген.
Мақтаарал, Созақ Шардара аудандары бойынша да осындай көрініс байқалады. Бұл қазіргі таңдағы Қазақстанның оның ішінде өз аймағымыз Түркістан облысының саяси мәдениеті жаңарудың маңызды кезеңінен өтіп жатқанын көрсетеді деп сеніммен айтуға болады.
Ал бұл жаңғырудың алды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуге қатысты жасаған ұсынысынан басталды. Мемлекет басшысы референдумның маңызды дипломатиялық институт екенін айтқан болатын. Онысын халық қолдады. Енді міне, ұлы Абай айтқандай «ақырын жүріп анық бас» қағидасымен сол референдумда көрсетілген бағыттар іс жүзінде іске асып жатыр. Биыл Түркістан облысында 4 аудан әкімін сайлады. Келесі жылы қалған аудандардағы әкімді жергілікті халық тікелей өзі сайлайды. Ал халық сайлаған аудан әкімі халық сенімен шығуға жұмыс істейді. Өйткені халық сенімі олар үшін басты құндылық болмақ. Халық сенімі болмаса, жұмыс істемейтін әкімдерді халық өзі орнынан алып тастай алады.
Айнагүл Рыскелді
Отырар аудандық орталықтандырылған
кітапхана жүйесінің директоры
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.