Халықаралық зерттеу. Оқушылар нәтижесін жақсартуға тырысады

  • 27.03.2023

 

Қазақстандық оқушылар ICILS-2023 халықаралық ақпараттық компьютерлік және ақпараттаық сауаттылық зерттеулеріне қатысады

«Биыл сәуір-мамыр айларында Қазақстанның барлық өңірлерінде ICILS-2023 халықаралық зерттеуінің негізгі кезеңі өтеді. Оған біздің елдің 17 аймағы мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 176 мектеп іріктеліп отыр, – дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті.

Комитеттің бас сарапшысы Темірлан Кайкеннің айтуынша, «аталмыш халықаралық зерттеу әлем бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологияларға байланысты оқыту бағдарламалары мен әдістерін салыстыруға негізделген. Сондай-ақ, еліміздегі компьютерлік және ақпараттық сауаттылық саласы бойынша білім беру жүйесін жақсартуға септігін тигізетін ақпараттар алуға мүмкіндік беретін көрінеді. Зерттеудің қорытындысы бойынша Ұлттық есеп жарияланып, онда ICILS қорытындысы оқушыларға сандық дағдыларды қалыптастыруға ықпал ететін немесе оған кедергі келтіретін нақты факторларды анықтауға көмегін тигізбек.

ICILS зерттеуінің моделі оқушылардың IT-дағдыларын бағалаудың жаңа үлгілерін ғана анықтамайды, сонымен қоса, алынған ақпараттардың талдауына баса назар аударады. Зерттеу оқушыларға компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын арттыруға ғана көмектесіп қоймай, IT-құзыреттілігін қалыптастыруға жағдай жасайды және IT-дағдыларын дамытуға қандай факторлар әсер етіп, көмегін тигізетінін анықтап алуға көмегін тигізеді.

Зерттеу толықтай компьютерлік форматта жүргізіледі. Ол арқылы оқушының компьютерлік сауаттылығын, компьютерді қай деңгейде меңгере алатындығын, ақпаратты жинай алуы және сандық коммуникация құру деңгейі анықталады. Зерттеуге негізінде 13,5-14,5 жас шамасындағы 8 сынып оқушылары қатысады. ICILS бұл бүкіл әлемдік оқушылардық сандық құзыреттілігінің алғашқы баламасы.

Айта кетсек, ICILS зерттеуі 2013 жылдан бастап әр 5 жыл сайын өтеді. Қазақстаннын алғаш рет 2018 жылы  IEA компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың ICILS-2018 халықаралық зерттеуіне қатысқан болатын.  Оған 3373 оқушы мен 2630 мұғалім зерттеудің екінші цикліне қатысқан. 14 мемлекеттен  46 мыңнан астам оқушы  мен 26 мыңнан астам мұғалім қатысып, бақ сынаған бұл зерттеу нәтижесінде қазақстандық оқушылардың 33 пайызы компьютерлік және ақпараттық сауаттылықтың ең төменгі деңгейіне де жете алмапты.

Иә, одан бері де бес жыл өте шығыпты. Биылғы зерттеуде қазақстандық оқушылар жоғарғы деңгейде біліктілігін көрсетеді деп сенеміз. Қанша дегенмен, елімізде компьютермен жұмыс істеу бірте-бірте жолға қойылып келе жатқаны анық. ICILS-2023 халықаралық зерттеуіне оқушыларымызға сәттілік тілеп, жоғарғы деңгейге қол жеткізулерін тілейміз.

Байланысты жаналықтар

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

11.11.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

06.09.2024
MalimBlocks
Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.

Қанағат Жүкешев: Қазақ тілін шенеуніктер емес, ғылым дамытуы тиіс

Қазақша сөйлеуді алдымен мемлекеттік қызметкер меңгеруі тиіс деп түсіндіру – бұқаралық сананы теріс бағыттау

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.