Закиева: Бір жарым айда төрт аймаққа бардым
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мемлекет басшысының балалық шақ саласына байланысты берген тапсырмаларын орындау бағытында аралық есеп берді.
Премьер-Министрдің орынбасары Т. Дүйсенова, мемлекеттік орган қызметкерлерімен бірлесе Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бір жарым ай Мемлекет басшысының балалық шақ саласындағы тапсырмаларын іске асыру бойынша бірнеше бағытта жұмыстар атқарған.
«Негізгі бағыт – профилактика жүйесін және көмек құралдарын құруды, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстар бойынша заңнамаға өзгерістер енгізуді және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ауылдық жерлерде тұратын балаларға арналған инфрақұрылым құру үшін өңірлерде жұмыс істей бастадық. Жалпы алғанда, бір жарым айдың ішінде 4 аймаққа барып келдім. Күзде ҮЕҰ-мен, өңірлік БҚУ-мен талқылау өткізуді жоспарлап отырмыз. Одан кейін аймақтарды толық қамту үшін аудан орталықтары мен ауылдарда ұзағырақ жұмыс істейміз. Түрлі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ата-аналармен көтерілетін мәселелер мен өтініштер бойынша үнемі кездесулер өткізіп жүрміз. Сондай-ақ, бір жарым айдың ішінде 400 жеке өтініш бойынша жұмыс жүргізілді – бұл емдеу мәселелері, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, зорлық-зомбылыққа қатысты және т. б. көмек берілді,- деді уәкіл аралық есебінде.