Жаңа экономикалық серпілістерді күтеміз

Malim Админ

  • 02.09.2020

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқына жолдауын жария етті. «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» деп аталатын жолдауда президент әр салаға қатысты айтқан. Мәселен, мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі, қолжетімді әрі сапалы білім, денсаулық сақтау саласын дамыту, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы және т.б маңызды мәселелерді қозғады. Әрине, президент Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ экономика саласына да кеңінен тоқталды. МӘЛІМ КЗ сайтының тілшісі осыған орай орта және шағын бизнес өкілі, кәсіпкер Ләззат КӨПЕРБАЕВАМЕН сұхбат жасаған еді. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

- Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын тыңдадыңыз ба? Экономика бойынша айтқандарын қалай қабылдадыңыз? Әңгімемізді осыдан бастасақ.

- Иә, тыңдап шықтық. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы әртараптандырылған экономика құрудан басқа жол жоқ деді. Мұнай дәуірінің аяқталғанын да тілге тиек етті. Негізі кез келген дағдарыс соңын даму, жаңаша түлеу болады. Және соған жұмыс жасау керек. Шикізаттың арқасында Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті. Бірақ жаңа заманның талабына сай іс-әрекетке көшу керек. Кейде осы шикізатқа сенім алғандық бізді тым босансытып жібергендей. Президент экономика халықтың тұрмысын жақсартуға бақытталу керек деген сөз айтты. Енді осыны іске асыру жұмыстары жылдамырақ жүрсе дейсің. Бұл біріншщі кезекте менің түсінігімде отандық өндірістердің көбеюі мен қуаттануы. Қазақстандық кәсіпкерлер нарықтағы негізгі позицияларды алса және тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандырса ақшамыз сыртқа кетпейді. Халық арзанға керегін алады, отандық кәсіпкерлер бизнесін жандандырып үкіметке салғын төлеп, бұқараны жұмыспен де қамтый бермек. Сондай-ақ, маған президенттің ауылшаруашылық жөніндегі айтқандары да қатты ұнады.

- Мәселен.

- Ауылшарушылығын дамытпай, қуатты экономика құру мүмкін еместігі айтылды. Аграрлық қоғамға бейім һәм көшпелі өмірді жұріп өткен қазақтарға бұл сала етене жақын. Ет пен сүт өнімін арттыру біздің оң жамбасымызға келетіні анық қой. Президент үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде ұлттық жоба әзірлеуді тапсырды. Астын сызып айтып кететін жайт ол бағдарламалар бизнес өкілдерімен бірлесіп жасалатынында. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өзіміздің толық қамтамасыз ету керек деді. Президент жапондармен жарысқа түсетіндей жаңа технология ойлап табыңдар деп жатқан жоқ. Бұл тез арада қолдан келетін шаруа. Дәл осы іс тез жүзеге асса біздің де шаруамыз дөңгелеп кетер еді.

- Кешіріңіз, оқырмандарымызға түсінікті болу үшін өз атқарып жатқан істеріңіз жайлы да айтып өтсеңіз. «Біздің де шаруамыз дөңгелеп кетер еді» деген сөзіңізден туындап отырған сұрақ қой менікі.

-Біз қоғамдық тамақтандыру саласында еңбек етіп келеміз. Яғни көпшілік келіп тамақтанатын орындарымыз бар. Қазақша айтқанда ас дайындап сатамыз. Бір қарағанда бұл сала аса көзге елеусіз. Көпшілік көзі үлкен зауыттарға, фабрикалар я болмаса түрлі цехтарға түседі. Бірақ тамақтандыру саласы өте маңызды. Өйткені кез келген адам тамақ ішпесе тұра алмайды. Бұл сала барынша отандық кәсіпкерлер қолына өткені дұрыс. Енді нақты сіздің сұрағыңызға келетін болсақ біз ауылшаруашылық саласының қарқынды дамуына мүделіміз. Ұн, қант, ет, жеміс-жидек тағысы тағы біздің күнделікті сатып алатын тауарларымыз. Бұл тізімді ұзартып жалғай беруге болады. Осының барлығын шеттен емес іштен алғанның тиімділігі айтпай-ақ түсінікті ғой. Іргедегі Өзбекстаннан келген қияр мен қызанақтың өзі бізге жеткенше қымбаттап кететіні анық. Президент жаңа технология, соңы әдіс-тәсілдерге сүйену керектігін айтты. Мысалы, сол Өзбекстанмен іргелес жатқан Түркістан облысына көптеп жылыжай салуға болады. Әрине, шығыс пен солтүстіктен жылыжай ұстау экономикалық тұрғыдан шығыны көп. Сол қиыр Ресеймен шаекаралас жатқан облыстарымызға Түркістан, Жамбыл, Алматы сынды облыстардан жеткізіліп отырса керемет емес пе!

- Пандемия жағдайында жағдайларыңыз қалай деп сұрасам жауап белгілі. Әрине, оңай емес. Дегенменен осы сұраққа жауап беріп кетсеңіз.

- Биылғы жылдың наурыз айында төтенше жағдай жарияланғанда әбдірәп қалғанымыз рас. Банк алдындағы берешігім бар еді. Бірақ үкімет жәрдемдесті. Жаңа жылға дейін кредит төлеуді екінші дәрежелі банктер шегеріп тастады. Салық төлеу тұрғысынан жеңілдіктер алдық. Үлкен кәсіпорындар төтенше жағдай кезінде де істеді. Мәселен вахталық режимде еңбек ететіндер жұмыс орнында қалды. Бізге рас ауыр тиді. Оны президент осы жолдауында да айтты ғой. Енді алты пайызбен мына шағын және орта бизнес өкілдеріне субсидия тұрғысында несие беріледі. Бұл айталықтай көмек! Содан кейін мемлекеттік мекемелер мен квази-мемлекеттік секторға тиесілі ғимараттарды жалға алып отырған шағын және орта бизнес өкілдері жалдау ақысынан босатылады. Жолдауда бизнесті реформалау керектігі жөнінде де айтылып қалды ғой. Бұл жүйеде жазалаушы сипат бар деген сөзді президент тілге тиек етті. Бұл сөзді әркім әр қалай топшылап, тәпсірлеп айтар. Менімше бұл бизнеске еркіндік беру деген сөз. Жоғарыда айтқандай мемлекет басшысы мұнай дәуірі аяқталыды деді ғой. Енді экономиканың сүйеніші отандық бизнесмендер болмақ. Бұл саладағы бюрократиялық кедергілер, керексіз тексерістер т. б проблемалар жойылады деген сөз. Басында айтқандай үкімет енді шикізаттық емес орта кәсіпорындарға көңіл аударады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі отыз бес байызға дейін арту керек деп меже қойды. Біздің кәсіпкерлер бұл салада еңбек етуге және мемлекет басшысы айтқан межеге жетуге шама-шарқылары әбден жетеді.

- Демек сіз алда экономикалық преспективаларды күтесіз ғой.

- Қазақта «жақсы сөз – жарым ырыс» деген сөз бар. Қазір үкіметтің өзі реалидегі жағдайдан хабардар және қабылданған экономикалық бағдарламалардың іске асуына мүделі. Атқарушы билік пен бизнестің тізе қосып жұмыс жасайтын кезі келді. Жұмыссыздық, тұрақсыздық, тұрмыстық проблеманың түбімен жоятын экономикалық серпіліс екені айдан анық қой. Енді осы бағытта барлығымызға ерінбей еңбек ету керек.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбататсқан С. Назарова.

Фото: halqym.kz

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін