Жаңа Қазақстанды құру үшін бізге жаңа реформалар мен жаңа заңдар керек 

Malim Админ

  • 12.11.2023

Осыған орай Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 5 маусымында жалпыхалықтық референдум өтетіні туралы Қазақстан халқына үндеу жолдады. Бұл туралы Қасым-Жомарт Кемелұлы:

«Референдум – бұл маңызды демократиялық институт, алайда Қазақстанда референдум соңғы рет 1995 жылы, қолданыстағы Конституция бекітілгенде өткен. Кейін «Республикалық референдум» туралы Конституциялық заң қабылданды. Алайда, ол практика жүзінде бірде-бір рет қолданылған жоқ», – деді. Конституцияға содан кейін төрт рет түзету енгізілді. Президент Конституцияның бүкілхалықтың дауыс беру арқылы өзгеруі халықтың ойын еркін білдірудің айқын көрінісі деп санайтынын айтты. Сондай-ақ, референдум әр азаматқа ел тағдырын шешуге тікелей қатысуға мүмкіндік беріп, жан-жақты демократия мен жаңа Қазақстанды құру бағдарымызды нығайтатынын да жеткізді.

Референдум - саяси реформаларды жүзеге асыру бағытындағы басты құжат.  Бұл –Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадамның жарқын көрінісі болатыны анық. Президент айтқандай, Тәуелсіз Қазақстанда осы уақытқа дейін үш референдум өтті. Алғашқы референдум 1995 жылдың 29 сәуірінде өтті. Ол кезде дауыс беруге Қазақстан Президентінің өкілеттік мерзімін ұзарту мәселесі шығарылған еді. Одан кейінгі конституциялық референдум 1995 жылы 30 тамызда өтті. Онда қазіргі қолданыстағы Ата Заң қабылданды.

Ал, бұл жолғы Қазақстан тарихындағы үшінші референдум, ел өміріндегі аса маңызды референдум болды. Сондықтан, оны еліміздің қоғамдық–саяси өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі деуге болады. Онда халқымыздың басым бөлігі Конституциямызға өзгерістер енгізуді жақтап дауыс берді. Референдум арқылы Конституцияның үштен біріне яғни 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді.

Жалпы референдумға қатысып ой –пікірлерін ашық айту қоғамға үн қосу еліміздің жарқын болашағына қадам жасайтын маңызды күн екенін біздің ауылдың тұрғындары да терең сезініп, дауыс беруге жұмыла қатысты. Менде де дауыс беруді өзімнің азаматтық борышым деп санадым. Өйткені, референдум бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды қадам.

Елу жылда ел жаңа демекші, уақыт өткен сайын заман талабына сай қоғамымызға жаңа өзгерістердің келуі заңдылық. Менің де бұл референдумнан күтетінім көп. Президентіміз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қойып отыр. Міне, референдум өткелі біраз уақыт болды. Біртіндеп нәтижесі де көріне бастады. Біз алғаш рет парламент пен мәслихат депутаттарын мажориталдық жүйе бойынша сайладық, яғни халық өз қалаулысын өзі таңдады. Бүгінгі таңда халық қалаулылары ауыл аймақтың гүлденуіне үлес қосып жүр. 

Ауыл әкімдерін де  жергілікті халық тікелей өздері сайлай бастады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында:

«Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек. Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек», -- деген болатын.

Бүгінде еліміздегі халықтың 40 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Әкімдер биліктің сол елді мекендердегі, ауылдардағы халықтың өкілі болып табылады. Сондықтан, Үкімет халықтың мүддесі үшін жасалынатын мұндай шараны көп ұзамай-ақ бастап кетті. Ел азаматтары жергілікті атқарушы биліктің басшысын тікелей өздері сайлау мүмкіндігіне ие болды.

Сонымен қатар, қарапайым ауыл халқының күн көріс көзі егіншілік, мал шаруашылығы, кәсіпкерлік бұл шаруаның барлығы жерге байланысты, кезінде жекеге өтіп кеткен жерлерді халық игілігіне қайтару халықтың көңілінен шыққан іс болды.  Сондай-ақ жастар мен әйел азаматшаларға да  әр тараптама қолдаулар күшейіп келеді. Жастардың болашаққа деген көзқарасы өзгеріп көкейлеріне сенімділік ұялаған. Мен қызмет жасап жүрген кітапхана саласындада оң өзгерістер баршылық. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Бүгінгі заманда кітапсыз, сондай-ақ кітапханасыз адамның ойындағыдай дамуы мүмкін емес, бүкіл әлемдегі кітапханалар  - білім мен мәдениеттің ошағы, жаңа ойлар мен тың пікірлердің мекені. Электронды  форматтың қарқынды дамып жатқанына қарамастан, дәстүрлі кітапхананың ағартушылық рөлі ешқашан мәнін жоғалтпайды» деп айтқандай Жаңа Қазақстанды құруда кітапханалардың алар орны ерекше. Ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып барынша білім мен ғылымды, әдебиетіміз бен мәдениетімізді  насихаттау біздің  қосқан үлесіміз.

И.А.ШАХАЙДАРОВА,         

Сауран ауданы Жаңа Иқан ауылдық кітапханасының меңгерушісі.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.