Жаңа саяси реформаларды Түркістан жұртшылығы жылы қабылдап отыр

  • 25.11.2023

Қазақ халқы түрлі кезеңді өткеріп, бабалар аңсаған егемендікке қол жеткізді. Тәуелсіздіктің отыз жылында дербес мемлекет ретінде өз орнын алып, әлемге танылып үлгерді. Соңғы жылдары ел Президентінің бастамаларымен бұрын-соңды болмаған саяси өзгерістер орын алып, оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Соның бірі де бірегейі былтыр ғана өткен бүкілхалықтық референдум деп айта аламын. 2022 жылы сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынған болатын. Ел өміріндегі аса маңызды референдум маусым айында өткен еді. Референдум дегеніміз маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру екені баршаға мәлім. Онда Конституцияны, конституциялық заңдарды, заңдарды қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтыру енгізу, сондай-ақ республиканың өзге де маңызды мәселелері қозғалып жатады. Оған 18 жастан асқан әр азамат дауыс беруге құқылы. Саяси науқан республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Қазақстанның азаматы ретінде, ұлт болашағына бей-жай қарамайтын ана ретінде мен де барып, өз таңдауымды жасадым. Ең айтулы оқиғаға атсалыстым. Түркістандық жерлестерімнің басым бөлігі Конституциямызға өзгерістер енгізуді жақтап дауыс беріп жатты. Тұрғындардың 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасап, еліміздегі ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Осылайша Түркістан облысы референдум қорытындысы бойынша көш бастады. Сол кездегі мәлімет бойынша, ел Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдумда дауыс беруге барлығы 7 985 769 қазақстандық қатысқан екен. Түркістан өңіріндегі 2 миллионнан астам тұрғынның 1 млн. 163 мыңдайы референдумда таңдау жасаса, соның 940 мыңға жуығы референдум учаскелеріне келіп, маңызды шараға қатысқан. Айтулы шарада Дауыс беру жағынан Бәйдібек, Отырар, Созақ пен Төлеби аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Жалпы өңірде 6500-ге жуық байқаушы жұмыс істеді. Комиссия өкілдері дауыс беру барысында қандай да бір заңбұзушылықтар тіркелмегенін айтты. «Жалпы халықтың саяси шарада халықтың белсенді болуы референдумға дайындықтың жоғары деңгейде жүргізілгендігінің арқасы» деп баға берді сарапшылар. Қоғамдық штабтар құрылып, халықпен 2800-ден аса кездесу өткізілген. Нәтижесінде Жаңа, Әділетті Қазақстанды қолдайтындар қатары артты.

«Мемлекетіміз  дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді  азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді» деген Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысып, қолдау білдірген барша халыққа ризашылық білдіріп,, конституциялық өзгерістердің мән-маңызын түсіндіруге атсалысқан азаматтарға, түрлі қоғамдық ұйымдарға алғысын жеткізген еді.

Тағы бір референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеуінде Қасым-Жомарт Тоқаев «Ата заңға өзгерістер енгізу реформаларымыздың соңғы сатысын емес, енді басталғанын білдіреді. Біз елімізді жан-жақты жаңғыртуды жалғастырамыз. Жаңартылған Конституция негізінде биліктің барлық институты қызметінің мейлінше тиімді моделін қалыптастырамыз. Олардың арасындағы үйлесім мен тепе-теңдік механизмін нығайтамыз. Дәйекті саяси жаңғыру ұлттық экономиканы дамытуға, ұлттық кәсіпкерлікті нығайтуға ықпал етеді. Енді біздің алдымызда ашық әрі әділетті экономика құрып, заңнамаға реформа жүргізу міндеті тұр. Қолдан жасалған монополияларды түбегейлі жойып, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою маңызды. Біз кәсіпкерлердің бастамаларына қолдау көрсетіп, жекеменшікті сақтап, бәсекелестікті күшейтуіміз керек» деген болатын. Осы бір елеулі оқиғадан соң Ата Заңымызға, нақтырақ айтсақ 33 бабына 56   өзгерістер енгізілді. Тоқталып өтсем, Қазақстан басқарудың суперпрезиденттік формасынан ықпалды парламенті бар президенттік формаға көшті, Президенттің жақын туыстарына мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда жоғары лауазымдарды атқаруға тыйым салынды, жер мен жер астындағы байлық халыққа тиесілі болды, қазақстандықтар тікелей Конституциялық сотқа жүгіне алады, Қазақстанда өлім жазасы болмайды, Мәжілістің депутаттық корпусы аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасады, Сенаттағы президенттік квота қысқарады, Мәжілісте Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттар болмайды, императивтік мандат сайлаушылардың қалауы бойынша депутаттың өкілеттігін тоқтатуға мүмкіндік береді. Президентіміз Парламент қабылдаған заңдарда Қазақстанның аралас сайлау жүйесіне өту тәртібі айқындалғанын айтқан еді. Мәжілістің отыз пайызы, облыстық мәслихат депутаттарының жартысы, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты округ бойынша сайланды. Соның нәтижесінде өкілді органдар шынайы халық билігі тармағына айналып отыр.  Заңнамадағы өзгерістерге сәйкес, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері де сайланады делінген. Түркістан өңірінде де аудан әкімдерін пилоттық режимде сайлады. Нәтижесінде Созақ, Бәйдібек, Шардара және Мақтаарал аудандарының жаңа әкімдері қызметтеріне кірісті.  Еліміздің болашағын баянды етуде әрбір қазақстандықтың үлесі бар. Ел ертеңі бүгіннен басталатынын ескерсек, осындай додаларда үн қоса алуымыз азаматтығымыз деп білемін.

Тұрсынай Шаметова

Журналист, қоғам белсендісі

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.