Жаңашыл ұстаз жаңа ортаны жатырқамайды

  • 25.04.2023

 

Қазіргі таңда ұстаз мәртебесін көтеру мәселесінде атқарылған шаруалардың нәтижесінде және білім саласына жүргізілген реформаның арқасында педагогика мамандығын танымал ету, педагогтардың деңгейін көтеру мәселесі бірқатар табыстарға жетті. Бұрындары үздік педагог байқауы өтіп тұрса, енді, педагогика мамандығын жастар арасында танымал ету мақсатында «Үздік жас педагог» байқаулары ұйымдастырылып тұрады.

Мұндай байқаулардың мақсаты педагогтардың еңбегін дәріптеу ғана емес, осы мамандыққа бет бұрған, оқушы тәрбиелеуге ниет еткен жас ұстаздарға мотивация беру. Қандай да бір еңбектің еленуі – ұстаздар қауымы үшін де, олардан тәрбие, білім алып жүрген оқушылары үшін де үлкен мәнге ие. Осындай кезекті бір байқаудың қорытындысы шықты. Оның атауы да ерекше. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» деп аталады.

Қазіргі таңда елімізде жаңа мектептердің көптеп салынып жатқанын, тіпті, олардың оқушылардың көптігіне байланысты, сұранысты қанағаттандырып үлгермей жатқаны да жасырын емес. Себебі, қазіргі таңда мектепке сұраныс жоғары. Әсіресе халық көп шоғырланған аумақтарда мектепке баратын балалар саны өте жоғары. Бұл ретте жаңа салынған мектептерге білікті ұстаз тарту мәселесі өзекті болып қала береді. Осы жағынан алғанда бұл аталмыш байқаудың атқарар рөлі сан қырлы.

Жас педагогтердің арасында өткен VI республикалық байқауға еліміздің барлық өңірінен 57 педагог қатысқан. Әр өңірден іріктелген, өз арасынан үздік деп танылған мамандардың келетінін ескерсек, байқаудың тартысты өткені айтпаса да түсінікті. Байқау бірнеше кезең бойынша өткен. Оның алғашқысы арнайы эссе жазу. Бұл туралы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры, жеңімпаздарды анықтаған қазылар алқасының мүшесі Сержан Әлібаев таратып айтып берді:

«Алғашқы кезеңде байқаға қатысушылар «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбында арнайы эссе жазды. Жас педагогтер өздерінің өмірлік, кәсіби және жеке ұстанымын, жетекші педагогикалық идеяларын ашуға тиіс болған. Одан кейін бұл байқауға қатысушылар үшін ең маңызды сәт – өзі танымайтын сыныпта сабақ өткізу болды деуге болады. Байқауға арналған сабақтың тақырыбын қатысушы педагогтердің өздері таңдады. Ал, байқаудың соңғы кезеңі – «Шығармашылық жолдың басталуы» атты презентация болды. Қатысушы педагогтер өздері туралы кеңірек тоқталып, өзінің  мамандығына деген көзқарасын баяндап берді. Бұл байқаудан байқалған ең негізгі нәрсе – әрбір қатысушының өзнің кәсіби имиджін ашуында, педагогикалық ұстанымын таныстыруында шығармашылық пен ізденіс байқалады».

Айтса айтқандай, жас педагогтердің бұрын мүлде кіріп көрмеген, ешкімді танымайтын оқушылармен тіл табыса алуы көп нәрсені аңғартады. Балалардың бәрі бірдей емес, әр түрлі ортада өскен оқушылардың психолгиясы, мұғалімге деген қарым-қатынасы әр түрлі болатыны сөзсіз. Міне, сондай ортада оқушыларды бірден баурап, өзін тыңдата, білгенін үйрете білуі маңызды. Байқаудың ең бір ұтымды шешімі де осы деуге болады. Себебі, әр педагог өзін оқушыға сыйлата білетін қабілетке, үлкен мәдениет пен қарым-қатынасқа шебер маман болуға тиіс.

Сонымен, осындай түрлі кезеңдерден өткен жас ұстаздардың сайысы аяқаталды дедік. Нәтижеге сүйенсек, қорытынды бойынша бас жүлдені орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәмелі Өмірзақова жеңіп алды. Дәмелі Ақмола облысының атынан қатысқанын айта кету керек. Одан кейінгі бірінші орынды Абай облысынан келген физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наубетов иемденді. Ал, екінші орынды Алматы қаласының атынан қатысқан биология пәнінің мұғалімі Ұлдана Жақсылықова жеңіп алса, үшінші орын Батыс Қазақстан облысынан келген Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Кунашевке бұйырды.

Қандай да бір сайыстың негізгі мақсаты ешкімнің сағын сындыру емес, керісінше, олардың мүмкіндігін ашу, оларға қолдау білдіру. Осы мақсатта Алматы, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай сияқты облыстардан келген жас педагогтерге ынталандыру сыйлықтары, арнайы аталымдар бойынша жүлделер табысталды. «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» байқауында «Дарынды ұстаз», «Жігерлі ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Табиғат білгірі» сияқты атақ алып қайтқан жас педагогтер де байқаудан жақсы көңіл-күймен қайтқаны анық.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.