Заңсыз балық аулағандар жазасыз қалмайды

Айшолпан КЕРІМ

  • 10.08.2021

Қазір елімізде браконьерлермен күрес қатты жүріп жатыр. Бірақ соған қарамастан, заңсыз аң атып, балық аулайтындар тыншымай тұр. Әсіресе, бекіре тұқымдас балықтардың «жаулары» бір ұйықтамайды. Олардың еті қандай тәтті болса, уылдырығы да сондай тәтті, әрі қымбат. Соған машықтанған адамдар қоймай бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулап әлек. Павлодар облысында браконьердің көлігінен екі келіден астам балық табылған. Екі келі ғана балық дерсіз. Оқиға былай болған, 2021 жылың 9 тамыз күні кешкі сағат 10.30-да Ертіс өзенінің жағасында Павлодар ауданы Набережное ауылының маңында полиция қызметкерлері 52 жастағы жүргізушіні тоқтатқан. Оның басқаруындағы көлік Toyota Camry автокөлігі. «Көлікті тексеру кезінде жүк салғышта жалпы салмағы 2,340 келі бекіре тұқымдас стерлядь балығы және балық аулауға арналған тор табылды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды», – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Көрдіңіз бе? Екі келі ғана балық. Бірақ оның жауабы қатал. Ол аулауға рұқсат етілген балық емес. Қызыл кітапқа енген, сирек балық. Арнайы рұқсатпен ғана аулау керек. Арнайы жерден, арнайы анықтама алып қана сатуға, сатып алуға болады.

Сондай-ақ, “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қарағанды облысында төрт браконьер ұсталған. 10 тамыз күні Қарағанды облысының Приозерск қаласында патрульдік полиция жасағы табиғат қорғау полиция қызметкерлерімен бірге өткізген рейдтік іс-шара барысында полиция қызметкерлері брокеньерлерді қолға түсірген. Олар Достық көшесінің бойымен келе жатқан көлікті тоқтатқан. 33 жастағы ер адам басқарған көліктің салонында 43 жастағы жолаушы да болған екен. Полицейлер автокөлікті тексеру кезінде жалпы салмағы 84 келі болатын бес қап таза сазан табылып, оларды тәркілеп алған. Ұсталған браконьерлер Жамбыл облысының тұрғындары болып шыққанын қайтесіз. Снда балық аулауға бір облыста аранйы келеген. Заңсыз аулаған. Тура  сол күні уақыт шамамен 17.00-де Балқаш көлінің Бертіс шығанағында табиғат қорғау полициясы ЖҚАЖ жауынгерлерімен бірге қайыққа мінген 40 және 45 жастағы екі ер адамды ұстағанын хабарланды. Қайықтан салмағы 125 келі болатын жаңа ауланған балықтар, сондай-ақ тыйым салынған торлар табылған.  Браконьерлік әрекеттің барлық заттай дәлелдері табылып отыр. Аталған фактілер негізінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу жүріп, келтірілген залал мөлшері анықталып жатыр. Енді дұрыс қой, анықталуы керек. Бұл заңсыз балық аулау адамдардың күнкөрісімен өлшенетін шығар. Бірақ арнайы рұқсат алып, балық ұстап, оны сатса, тапқан ақшасы анағұрлым пайдалы болмай ма? Ақшасы да, жұмысы жа заңды болғандықтан, қорықпай да жүреді. Әйтпесе, қазақ: «ұрының арты қуыс» дейді.

Жалпы Балқаш көлінде, Іле өзенінің сағаларында браконьерлер көп жүреді. Олар көбіне тыйым салынған қытай торын пайдаланады.
11 тамыз күні де Қарағанды облысында полицейлер жалпы ұзындығы екі шақырым болатын тор орнатқан браконьерді ұстаған. Табиғат қорғау полиция қызметкерлері және Қарағанды облысы полиция департаменті Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері Балқаш-Алакөл өңіраралық бассейндік инспекциясының инспекторларымен бірлесіп “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген ғой. Сонда  сағат 15:30 шамасында полиция қызметкерлері Тораңғалық ауылының маңындағы Балқаш көлінде жүрген қайықты ұстады. Жай-жапсарды анықтай келе, 43 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны балық аулауға тыйым салынған жалпы ұзындығы 2 шақырым тор орнатқан екен. Бұл ер адамға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық бұзушылық Кодексінің 383-бабы (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) бойынша әкімшілік хаттама жасалған. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.

Көрдіңіздер ме? Әр рейдке шыққан сайын қаншама адамдар ұсталып жатыр. ослыардың өңірінде балық саудасы қатты дамыған. Неге соны заңды түрде жолға қоймайды деп ойлайсың. Бірақ адам баласы қашанда тойымсыз, қашанда айлакер ғой. Заңды айналып өткісі келіп тұрады. Әсіресе, біздің елде. Неге ондай психология қалыптасқанын, кім білсін. Әйтеуір бір білетініміз заңмен жүрсең – қор болмайсың. Заң бәріне ортақ. Оның үстіне тапқан нәпақаң да адал болуы тиіс. Оныңмен бала-шағаңды, отбасыңды асырайсың. Ондайда барынша сақ болған жақсы. Балық аулау үлкен кәсіп. Оның өзіндік қиындығы бар. Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романында балықшылар өмірі керемет суреттелген ғой. Сонда оның қиындығын, ауырлығын, қауіптілігін түсінесің. Осындай қауіпке бастарын тіге отырып, тағы заңға қарсы жүріп, тағы бір тәуекелге қалай баруға болады. Кім білсін... Азаматтар, заңды сақтаған дұрыс!

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.