Жас ғалымдарға жаңа гранттар бөлінбек

Жас ғалымдарға биылдан бастап жыл сайын 3 миллиард теңге көлемінде грант бөлінетін болды.
"2020-2022 жылдар аралығында жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарына 9 миллиард теңге көлемінде грант беріледі (жыл сайын 3 миллиард теңгеден бөлінеді), - делінген үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.
Үкімет биыл қандай ғылыми жобаларды қаржыландыратынын анықтап қойыпты. Хабарламаға қарағанда, ұлттық ғылыми кеңестің мемлекеттік ғылыми-техникалық және экономикалық сараптамасы жеті бағыт бойынша жас ғалымдардың 1013 жобасын іріктеп шыққан.
Энергетика және машина жасау саласынан 102, табиғи ресурстар, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнім және конструкция саласы бойынша 313, ақпараттық, телекоммуникация, ғарыш технологиялары мен жаратылыстану саласынан 167 жоба таңдалып алыныпты. Ал агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты 139, денсаулық саласы бойынша 127, "Мәңгілік Ел" ғылыми негіздері (ХХІ ғасырдағы білім беру, гуманитарлы ғылымдар саласындағы қолданбалы зерттеулер) бойынша 155, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс саласына қатысты 10 ғылыми жұмыс қаржыландырылады.
Үкімет жанындағы жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия "жаратылыстану саласындағы ғылыми зерттеулер" бағытын арнайы бөліп шығарып, басымдық беріп отыр. Мұндағы мақсат - елдегі жаратылыстану ғылымын дамыту, осы саладағы ғалымдарды қолдау және Қазақстандағы осы бағыттағы мектептерді дамыту.
Фото: presidentfoundation.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Болатбек Блялов: Власть скрывает бедственное положение казахстанцев с инвалидностью
Статистику протестных акций на фоне социально-экономических проблем последние несколько лет повышают казахстанцы с инвалидностью. Они протестуют против невозможности улучшить жилищные условия, в то время как чиновники пытаются избавить государство от обязательства обеспечивать социально-уязвимых граждан жильем на безвозмездной основе. Вместо этого казахстанцам с низкими доходами предлагают механизм субсидирования оплаты аренды жилья. Почему людям с инвалидностью это не подходит, рассказывает правозащитник Болатбек Блялов.