Жастар саясаты бірнеше саланы біріктіреді

  • 11.02.2023

«Сен маған жастарыңды көрсетші, мен саған еліңнің ертеңін айтып берейін» дейтін тәмсіл бар. Әлімсақтан бері жастар – елдің ертеңі екені айтылып келеді. Бұл қалай дегенде де табиғи құбылыс. Толқын алмасады, буын ауысады, жастар үлкендердің орнын басады. Бұл тұрғыда кез келген мемлекеттің жастар саясатына басымдық беруге тырысатыны анық. Мұндайда қазақ «өсер елдің ұрпағы он бесінде баспын дер, өшер елдің ұрпағы отызында жаспын дер» депті.

Жастар саясатына қатысты Қазақстанның ұстанып отырған бағыты қандай? Бұл сұраққа жауап беру үшін сөзді тым арыдан бастауға тура келуі мүмкін. Біз бүгінгі жағдаймен бағамдап көрейік.

Бәрімізге белгілі, соңғы кездері жастарды оқумен, жұмыспен қамту жайы көп айтылады. Мұның мәнісі – жастық шақты бос сенделіспен өткізетін жас өрен болмауға тиіс. «Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық, аздырар адам баласын» дейтін, Абайдың өлшемін негізге алсақ, бұл тарапта жастардың өз сүйген ісімен айналысуға мүмкіндік алуы да негізгі мәселе болмақ. Бала өмірге келген соң оны тәрбиелеп өсіру – ата-ананың міндеті десек те, оны өсіретін негізгі қоғам екені тағы бар. Демек, олардың сенделіп бос жүрмеуі, белгілі бір кәсіпті меңгеруіне қатысты сауалдарға жауап беру кезек күттірмес мәселе.

Әрине, барлық жас данышпан болып тумайды, әркімнің өзіне ғана тән артықшылығы болады. Қоғамның және мемлекеттің саясаттың басты міндеті соны анықтау және өзіне ғана тән артықшылығын ұштау, талабын өсіру десек қателеспейміз.

Жастар саясаты дегенде президенттің бастамасымен жеделдете іске асырыла бастаған техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға байланысты атқарылып жатқан шаруаларды аттап өте алмаймыз. Тәрбие тал бесіктен десек, жастарды қалыптастыру, мектепті бітірер қарсаңда өзінің болашағын анықтап, мамандығын таңдай аларлық деңгейде болуына мектепке дейінгі білім беруден басталатынын ақиқат. Демек, жастар саясаты бірнеше саланы қамтиды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов төрағалық еткен үкіметтегі кеңесте осы мәселелер сөз болды.  

Жастардың қоғаммен ертеден етене араласып, әр бастамаға өз көзқарасын білдіріп, өз үлесін қосып отыру да маңызды. Дамыған елдерде әбден жолға қойылған волонтерлік тек белгілі бір кезеңде өз еркімен еңбек ету, үлес қосу, көмектесіп, қол ұшын созу ғана емес, бұл ең алдымен адамның қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну және өзінің бойындағы ізгілікті дамыту және кәсібилігін жетілдіру тұрғысында да ерекше маңызға ие. Кеңесте баяндама жасаған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қазір қарастырылып жатқан Жастар саясаты тұжырымдамасының 6 бағыт пен 10 нысаналы индикатордан, барлығы 72 іс-шарадан тұратынын атап өтті.

Оның айтуынша, жастармен жұмыс істеуде әкімдіктердің атқарар рөлі зор. Мұны жастарды дамытуға байланысты әріптестік деп атауға да болады. Себебі, жастардың проблемасын шешу – тек оларға көмек беру ғана емес, оларға өз өзін дамытуға, қиындықтан алып шығуға мүмкіндік беру. Былайша айтқанда, жастарға балық беру емес, қармақ беру керек. Ары қарай әрине балық аулаудың технологиясы үйретіледі. Министр баяндамасында жастарды қолдау туралы бағдарлама туралы жастардың бәрі дер кезінде хабардар болып отыруға тиіс екенін алға тартты.

«Біз 2029 жылға қарай мемлекеттік қолдау шаралары туралы жастардың хабардар болу мүмкіндігін 90%-ға дейін, ал волонтерлік, қайырымдылық және экологиялық бастамаларға тартылу деңгейін 32%-ға дейін арттыруды көздеп отырмыз», — дейді ол.

Бұдан ары іскер жастар буынын қалыптастыру да басты мақсат болуға тиіс. Сондықтан, жас кәсіпкерлерді 30%-ға дейін, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 61% жастарды жұмысқа орналастыруды көздейді.  Бұны басқалай есептесек, межелі  2029 жылы 2,3 миллион жас жұмыспен қамтылатын болады. Оның 1 миллионнан астамы ауыл тұрғындары болмақ. Демек, бұл тұжырымдама тек қалаларда ғана емес, ауылдық жерлерде де жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді дегенді білдіреді.

Кеңесте баяндама жасаған тағы бір министр оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев болды. Ол қазіргі таңда оқушылар тарапынан колледждерге оқуға түсуге ұмтылатын жастардың көп екенін, соның негізінде 9 сыныптан кейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру тұжырымдамасы дайындалғанын, соның негізінде оқушылар мен студенттерді шығармашылыққа, интеллектуалдық һәм физикалық тұрғыда жетілген тұлға қалыптастыруға күш салынатынын айтты. Және сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқытуға, сол арқылы оқушылардың сұранысқа ие маман болып қалыптасуына жағдай жасау бүгінгі күнгі жастарды қолдаудың ең негізгі талабы екеніне тоқталды.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.