ЖАСТАР – ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ

  • 13.03.2023

 

Семей қаласының қалалық мәдениет үйінде "AMANAT" партиясының сайлауалды штабының жастармен кездесуі өтті. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов сайлаушыларға "AMANAT" партиясының жас ұрпақты қолдауға бағытталған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. "AMANAT" партиясы жұмысқа орналасу, тұрғын үй саясаты, стипендиялар мен білім беру гранттары сияқты салаларды қамти отырып, жастар үшін әділ әлеуметтік орта қалыптастыру, жас қазақстандықтардың озық ұрпағын тәрбиелеу үшін жағдай жасау міндетін өзіне алады. Қуаныш Серқазыұлы тұрмыстық мысалдарды келтіре отырып, дұрыс бағдар мен тәрбие берудің, бірліктің, бір-біріне көмектесу және қолдаудың қаншалықты маңызды екенін ерекше атап өтті. 

"Жас буын өкілдерінің қоғамдағы рөлі ерекше, сіздер қаламыздың өсіп-дамуына жауаптысыздар. Сондықтан бойларыңыздағы отансүйгіштік қасиеттерді дамытып, патриотизмді тәрбиелеу арқылы туған қаламыздың гүлденуіне септігімізді тигізе аламыз. "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары жас ұрпақты қолдауға бағытталған. Атап айтатын болсақ, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй саясаты, білім беру гранттары сияқты салаларды қамти отырып, жастар үшін әділ әлеуметтік орта қалыптастыру, жас қазақстандықтардың озық ұрпағын тәрбиелеу үшін жағдай жасау міндетін өзіне алады. Себебі жастар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі", - деді Қуаныш Серқазыұлы.

 

Келіп түскен сұрақтар, ұсыныстар облыстық филиал жанынан құрылған сайлауалды штаб мүшелерінің одан әрі жұмысына қабылданды. Кездесу барысында өте маңызды мәселелер көтерілді, "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасы қандай бағыттарды қамтитыны туралы айтылды. Жастар сайлауға белсенді қатысуға және 19 наурызда "AMANAT" партиясын қолдауға шақырылды.

 

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.