Жемқорлықпен жаңаша күрес

Malim Админ

  • 03.02.2020

Еліміздегі басты мәселелердің бірі – жемқорлық. Негізгі қоғамның дамуына кедергі келтіріп, атқарылмақ іске кесірін тигізетін де осы кесапатты шаруа. Бір ғана 2019 жылы Қазақстанда 1 002 лауазымды тұлға жемқорлық үшін сотталған. Ал осылардың әрқайсысы қанша мемлекеттік іәске залалын келтірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев: «Қылмыстық-құқықтық шаралардың қорытындысына тоқталайын. 1 717 жемқорлық қылмысы тіркелді. Олардың жартысынан көбі пара алу, пара беру деректері бойынша, 1 002 лауазымды тұлға сотталды. Былтыр 112 осындай қылмыс тоқтатылды. Келтірілген шығын - 24,6 миллиард теңге, оның 22,7 миллиарды қайтарылды», – деді.

Нақты қайтарылды ма? Ол жағы тағы күмән туғызып отыр. Себебі осынша жемқорлыққа батқан шенеуніктер әлемінің әр сөзі халық көкейінде сұрақ туғызатын болды. Қазір жемқорлықпен күрестің неше түрі қалыптасты. Оған қоса, енді құқық бұзушылық туралы хабарлаған адамға сыйақы берілетін болды. Сыйақы берудің дифференциалды жүйесін енгізіледі.

Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталмақ. 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, сыйақы – 200 мың теңге. Сыйақының шекті мөлшері – 10 миллион теңге.

Соңғы бес жылда жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың 75 проценті мемлекеттік қызметте орташа және төменгі лауазымда жұмыс істейтіндер. Бұл өте маңызды мәселе. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өте төмен. Әсіресе аудандық, ауылдық деңгейдегі мемлекеттік қызметкерлер мардымсыз жалақыға жұмыс істейді. Пара алатын қадамға да сол себепті барады. Өзге елдер бұл мәскелені қатаң тәртіп пен жоғары жалақымекн шешкен.

Енді бұдан бұлай сотталған сыбайлас жемқорлар үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату, айыппұлдар мен түзеу колониялары болмайды. Бұл осы қатаң тәртіптің көрінісі болса керек. Бұндай өзерту, қатаң жүйе міндетті түрде қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кеңейтілген алқа отырысында Алик Шпекбаев жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмысымен толық таныстырып отырып: «Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті арттыру бойынша шаралар әзірленеді. Сыбайлас жемқорлықпен айналысатын шенеуніктер бас бостандығынан айыру жазасын колониялардағы елді мекендерде жою, ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін мерзімінен бұрын шартты түрде және бірнеше рет айыппұл салу, парақорлық пен әрекетке делдалдық үшін жазаны қатаңдату туралы айтып отырмыз. Біз айыппұлдарды бейқам қабылдай бастадық», - деді.

Бұл дұрыс шешім деп ойлаймыз. Себебі елімізде соңғы уақыттарда парамен ұсталған шенеуніктер айыппұл мен мерзімінен бұрын босап шығып, халықтың наразылығын тудырды. Бұл пара алсаң, ақша төлеп шығып кете аласың дегенді білдірді. Енді қатаң талап, заң бар кезде лауазымды тұлғаларымыз ондай асылық қадамдарға бара қоймайды деп ойлаймыз. Бір ғана соңғы бес жылда ірі көлемді пара алған шенділердің қаншасы шартты жаза алып, қаншасы мерзімінен бұрын босап шықты. Бұл заңы бар елдің сипатына жататын әрекет пе деген ой қалдыратын. Жемқорлықпен жаңаша күрес өз жемісін береді деп үміттенеміз.

Байланысты жаналықтар

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

18.12.2024

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

03.12.2024

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

13.11.2024
MalimBlocks
Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.

Белгілі сыншы отандық БАҚ-ты сынға алды

Серікбай Қосан: Ғалымдардың көбі ерте қайтыс болып кетті...

Марқұм ұстазымыз Үшкілтай апай, Қабиболла ағай, менің достарым Тоқтар Әлібек, Қарашаш Алпысбаева, Бақыт Әбжет – бұлардың бәрі қолжазбаның зияны тиген адамдар.

Қазақтар ғана бір-бірінің үстінен арыз жазды деу қате пікір

1922 жылға дейін Әлихан тек қазақ және орыс тілін білген. Ол кезде оның жасы 50-ден асқан еді. Логикаға салсақ, осыдан кейін 9 тіл біліп кетуі де екіталай ғой.