Жер сілкінсе бізге енді кім хабар береді – Бил Гейтс пе, әлде Илон Маск па - депутат 

Мәжіліс отырысында  депутат Сергей Понамарев Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл сигналы не себепті уақтылы қосылмағанына және оған кім жауапты екенін сұрады.

Malim Админ

  • 24.01.2024

Жер сілкінісі кезінде алматылықтарға меморгандардан немесе ұлттық операторлардан емес, әлем сервисі Google андройдтар арқылы хабар берілген.

– Мұндай қиын жағдайда хабарландыруды алдын ала кім беруі керек деген сұрақ туындайды. Бил Гейтс пе, әлде Илон Маск па? Біздің хабарландыру жүйесі неге істемей қалды?,-деді Сергей Понамарев

Бұл сұраққа жауап берген цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша заң жобасын қорғаған Екатерина Смышляева жер сілкінісі болған кезде дабыл белгісі уақтылы қосылмай қалғанын растады.

– Қазір бұған кім кінәлі екені зерттеліп, анықталып жатыр. Менің ойымша, түпкі дереккөз уақтылы ақпаратты бермеген. Бәлкім, дабыл жүйесі іске қосылмай қалған шығар!? Қазіргі қолданыстағы заңда қысқа хабарландырулар бойынша байланыс операторларының міндеттемесі бар. Қысқа хабарламалар ешқандай мерзіммен шектелмеген. Ол күні бойы кез келген уақытта жіберілуі мүмкін. Сол себепті біз бұл бағытта “шұғыл хабарландырулар” түсінігін енгізуді көздейміз. Яғни, төтенше жағдайлар кезінде хабарландырулар қысқа әрі шұғыл берілуі тиіс, – деді Смышляева.

Ол жалпыға ақпарат тарата алатын технологиялар барын, қазіргі таңда олар өндірісті эксплауатацияға енгізілмегенін айтты. Депутат бұл мәселені бюджет комиссиясы шеңберінде шешуді ұсынады.

Байланысты жаналықтар

Таразда депутат соққыға жығылды

14.05.2025

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

05.05.2025

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

04.05.2025

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

03.05.2025

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

30.04.2025

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді

30.04.2025
MalimBlocks
Таразда депутат соққыға жығылды

«Адам құқығы қайда қалды, депутат мырза?!»: Дана Нұржігіт Ардақ Назаровтың ұсынысына қарсы шықты

Ардақ Назаров ажырасқан адамдарға арнайы жарна төлетуді ұсынған

Шабуыл жасалған Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы белгілі болды

Депутат Аймағамбетов әйелдердің денсаулығына қатысты маңызды жаңалық айтты

Депутат ажырасқандарға салықты көбейтуді ұсынды

«Бұл өте қауіпті. Ринат Зайыт министрге МӘМС бойынша мәселелерді тізіп берді