Жеті қазынаның түп қазығы –мәдениет

2022 жылғы 5 маусымда өткен бүкілхалықтық референдум еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде осы жылдың ең айтулы оқиғаларының бірі болғаны сөзсіз. Онда халқымыздың басым бөлігі Конституциямызға өзгерістер енгізуді жақтап дауыс берді. Елдегі өзгеріс-елдің өзгеріс үшін жасалған қадамдарының жиынтығы. Референдум реформалардың басты қозғаушы күшіне айналып келе жатыр.
Бәрімізге белгілі соңғы 10 жылда елде болған ең ірі шерулер еліміздің жеріне қатысты болды. Билік жерді шетелдіктерге жалға беру туралы бастаманы қолға алғанда, халық бас көтерді. Референдум бұл мәселені сырт айналып өтпеген, маңызды түзетудің бірі-жерді, оның қойнауын, суды, өсімідіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарын халық меншігі деп жариялау. Бірақ бұл түзетудің де өз нюанстары бар. Мәселен қазір жерді жекеменшікке алған адамдарға бұл түзету әсер етпейді. Есесіне, референдум арқылы Конституцияда билікке тең болатын идея бар, ол-билік халыққа тиесілі болады деген режим.
Сонымен қатар жаңа қабылданған заңдарда Қазақстанның аралас сайлау жүйесіне өткенін көрумізге болады. Бұл дегеніміз бұдан кейін мәжіліс, облыстық, аудандық мәслихат депутаттарының барлығы бір мандатты округ бойынша сайланады. Жастар мен әйелдерге арнайы квоталар енгізу Қазақстанда жасына, жынысына қарамастан азаматтар тең құқылы екенін көрсетеді.
Ауыл әкіміне сол аймақтан шыққан немесе сол өңірге қатысы бар адам сайлануға тиіс. Ауыл әкімін тағайындау демократиялық өзгеріске жол ашады. Сондай-ақ халық өзі жақсы танитын, сырын білетін адамды сайлайды, сонымен қатар керек сәтінде қолдап, кез-келген арыз шағымын айта алады. Яғни елді мекеннің ерекшелігі мен ахуалынан хабардар үміткер ғана ауылды дамытуға мол үлес қоса алады.
Тәуелсіз еліміздің жарқын жетістіктерінің бірі киелі Түркістан қаласының қайта жаңғыруы. Биыл Түркістан облысына 5 жыл толуына орай облысымызда көптеген әр-түрлі бағытта мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып өтуде. Облыс орталығына айналған рухани астанамыз күн санап көркейіп, еліміздің әр аумағынан келетін туристердің саны артып, нағыз қазақ мәдениетінің ордасына айналуда. Мәдениет бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе, оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады.
Олай болса Түлкібас «Аудандық мәдениет үйі» МКҚК-ны биылғы жылы облыс көлемінде біршама жетістіктерге жетті. Атап айтар болсақ облыстық «Халықтық атағы бар» театрлар арасындағы байқауда «Мақталы Халық театры» жүлделі үштіктің ішінен көрінді, дәстүрлі ән өнерін насихаттап жүрген «Арша» тобы Республика көлемдегі байқауда «Халықтық» атаққа ие болды, «Ауыл мәдениеттің бастауы» облыстық 184 мәдениет мекемесі арасындағы байқауда 3 жүлделі орынды иеленіп, байқау қорытындысы бойынша ауданымыздың мәдениет мекемелері 1 орынға шықты, сонымен қатар жерлесіміз сазгер Рысты Әлімбет «Мәдениет үздігі» атағын алды, әртүрлі жанрдағы облыстық байқаулардан көптеген жетістіктеріміз де ауыз толтырып айтарлықтай.
Біз жасампаз және әрі жаңашыл болуға тиіспіз. Еліміздің алға қойған нақты межесі бар. Мызғымас бірлік пен қажырлы еңбектің арқасында өз мақсатымызға жетеміз!
Айнур Усенова
Түлкібас «Аудандық мәдениет үйі»
МКҚК-ның директоры
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.