Жол да бар, жұмыс та бар: елорда инфраструктурасы тиімді дамиды

Malim Админ

  • 10.02.2021

2020 жылы елордада 173 көше жөнделіп, асфальт төселді, екі көпір салынды. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«Көшелер салып, жөндеумен қатар, көпірлер де салу қажет. Олар көлік көп жүретін жол учаскелерін босатуға біршама көмектеседі. Әрине, бұл қалалықтардың жүру уақытын қысқартады. Мәселен, тек былтыр елордада екі көпір салынды. Бірі Нұра-Есіл арнасы, ал екіншісі - Есіл өзені арқылы өтеді. Ұлы Дала және Нәжімеденов көшелерінің қосылуы Мәңгілік ел даңғылына түсетін салмақты 30%-ға азайтты. Асфальт төселуі және жөнделуі тиіс жолдар бірнеше санат бойынша таңдалды: бұрын асфальт болмаған жолдар; жаңа автобус бағдарлары іске қосылатын көшелер; көлік көп жүретін жолдар мен әлеуметтік нысандарға апаратын жолдарды таңдадық. Бұған қоса кестеге, қалалықтар кездесу кезінде асфальттау керек деген көшелерді қостық. Жалпы алғанда, 173 көшеге асфальт төседік, олардың 100 астамы - тұрғын алаптарында орналасқан. Бұл жұмыстарды биыл да жалғастырамыз. Тұрғын алаптары мен қаланың ескі бөлігіне басымдық беріледі», - деді астана әкімі Алтай Көлгінов.

Жол жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы біршама көмектесті. Ол бойынша 15 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бірінші кезекте қалалықтарды Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналастырдық.

Сондай-ақ, бұрын жарығы жоқ көшелерге жарық қосылды. Бұған қоса, ескі шамдар заманауи энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдарға алмастырылды.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін