Әлем кубогы: Боксшы Сағындық Тоғамбай жартылай финалға шықты

Қазақстан ерлер құрамасының боксшысы Сағындық Тоғамбай бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Жерлесіміз 90 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында америкалық Малакай Джорджеспен қолғап түйістірді.
Тартысқа толы жекпе-жектің бірінші бөлімінде АҚШ өкілі басым түсті. Алайда, қалған екі раундта Сағындық Тоғамбай қарсыласынан айласын асырып, жеңіске жетті.
Осылайша, Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) кем дегенде Әлем кубогының қола медалін қоржынға салды.
Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының былғары қолғап шебері Ертуған Зейнуллинов елімізде өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалына өткен еді. Ол 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Сондай-ақ Виктория Графеева (60 кг) мен Аида Әбікеева (65 кг) да келесі кезеңге өтіп, жерлестерін бір қуанытты.
Фото: ҰОК


Ең көп оқылған
