«Астана» Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

Елордалық команда норвегиялық «Бранн»-ды ойсырата ұтты

Арман Қайыпхан

  • 29.08.2024

«Астана» футбол клубы Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі матчында норвегиялық «Браннмен» ойнап, 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Sports.kz жазуынша, Алматыда өткен матчта бірінші таймда алаң иелері бірқатар қауіпті сәт жасағанымен тең өтті. Норвегиялықтарда да гол соғатын мүмкіндік болғанымен, қақпашы Иосип Чондрич бірнеше сәтте құтқарып қалды.

Екінші тайм басталғаннан астаналықтар шабуылға шығып, Чинеду баспен бұрышқа соққы жасап, елордалық команданы алға шығарды. Одан соң қарсылас қақпасына қарай қысымды күшейтіп, нигериялық шабуылшы қарсылас қақпашысының қателігін пайдаланып есепті еселеді. Ал ойын соңына қарай Рамазан Каримов үшінші голды салып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Осылайша, «Астана» футбол клубы Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты.

Фото: instagram / fca.astana

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.