Дзюдо: Астанадағы Grand Slam жарысында кімдер бақ сынайды?

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі

Сабина Асқарқызы

  • 08.05.2025

Ертең Астанада дзюдодан халықаралық Grand Slam жарысы басталады, деп хабарлайды Malim.kz.

Беделді турнирге әлемнің 49 елінен 400-ден астам дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары бар. Ел астанасына қазірдің өзінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Таканори Нагасе (Жапония), Рио-2016 жеңімпазы Рафаэла Сильва (Бразилия), Париж Олимпиадасының чемпионы Беатриз Соуза (Бразилия) және отандасымыз, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев және басқа да жұлдыздар келді. Бұл турнир — әлемдік дзюдо аренасындағы ең жоғары дәрежелі жарыстардың бірі.

Ережеге сәйкес, жарысты қабылдаушы ел әр салмақта төрт спортшыға дейін қатыстыра алады. Бұл жас спортшылардың тәжірибе жинақтауына және IJF әлемдік рейтингінде маңызды ұпайлар еншілеуіне жол ашады.

Турнирге Елдос Сметов те қатысады. Алайда, бұл жолы тек құрметті қонақ ретінде. Жанкүйерлер қазақ спортындағы аңыз тұлғамен жүздесіп, естелікке суретке түсе алады.

Grand Slam жеңімпаздарына - 1000, күміс жүлдегерге — 700, ал қола медаль иегеріне 500 рейтингтік ұпай беріледі. Бұл ұпайлар Олимпиада жолдамасына талас жолындағы шешуші мәнге ие.

Аталған жарыс — Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіндегі әлем чемпионатына дейінгі соңғы ірі турнир. Ұлттық құраманың бапкерлері спортшылардың дайындығын осы сында нақты бағалай алады.

Жарыстар Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді және Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Кіру — тегін. Бұл — жанкүйерлер үшін әлемдік дзюдо жұлдыздарын көзбе-көз көруге таптырмас сәт!

Байланысты жаналықтар

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

08.05.2025

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

07.05.2025

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

07.05.2025

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелер жабылады

06.05.2025

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды

05.05.2025
MalimBlocks
Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Астанада базардан шыққан өрт оқшауланды

Астанада әскери шеруді терезеден көргісі келген тұрғынға ескерту жасалды

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад қалай өтті?

Астанадағы әскери шеру: 7 мамырда қай көшелер жабылады

Жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін

Астанадағы парадқа кімдер шақырылды