457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бейбарыс Ерсейіт ауыр атлетикадан Азия ойындарындағы екінші медалін жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен зілтемірші серпе көтеруде үшінші нәтиже көрсетті - 152 келі.

ҚР ҰОК мәліметінше, Вьетнам спортшысы Дуи Нгуен жарыс жеңімпазы атанды. Ол 156 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия рекордын жаңартып, Азия ойындарының жаңа көрсеткішін тіркеді.

Күміс жүлде Қытай атлеті Бохан Ванға бұйырды - 155 келі.

Айта кетейік, бұған дейін Ерсейіт жұлқа көтеруде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Фото: ҰОК